• Қоғам
  • 19 Қараша, 2020

Жұмыспен қамту және онлайн қызмет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 қарашадан бастап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін тесті режимде халықты жұмыспен қамту қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. Қазақстандықтар Электронды еңбек биржасындағы «жеке кабинетінде» жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады, мемлекет субсидиялайтын бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады және т. б.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 қарашадан бастап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін тесті режимде халықты жұмыспен қамту қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. Қазақстандықтар Электронды еңбек биржасындағы «жеке кабинетінде» жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады, мемлекет субсидиялайтын бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады және т. б.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ЭЕБ-да тіркелу қажет.
«Электрондық еңбек биржасындағы пилоттық жоба жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем­дерді алуды жеңілдету үшін іске қосыл­ды. Енді барлығын тек интернет, ­компьютер және электрондық цифрлық қол­таң­баның көмегімен жасауға болады» дейді «Еңбек ­ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.
Интернет немесе ­компьютер болмаған жағдайда қызметтерді ХЖҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету ай­мағын пайдалана отырып алуға болады. Бұл азаматтарға халықты жұмыспен қамту орталығының маманына қабылдауға кезек күтпеуге және COVID-19 пандемиясы жағдайында тіке байланысты азайтуға мүмкіндік береді.
«Қызмет толықтай автоматтан­дырылған. Бұл дегеніміз, егер портал үш жұмыс күні ішінде адамға лайықты жұмыс таба алмаса, онда Электрондық еңбек биржасы жұмыссыз ретінде автоматты түрде тіркейді. Осылайша, адам факторы толығымен алып тасталады» деді Дәулет Арғындықов.
Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар онлайн-режимде ЭЕБ-да жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім бере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын – жастар практикасында, әлеуметтік жұмыс орындарында, қоғамдық жұмыста бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады.
Жұмыс іздеп жүрген адам, жұ­мыссыз ретінде тіркеу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберу, жұмысынан айырылу бойынша әлеумет­тік төлем алу бойынша қызмет көрсету туралы толығырақ ЭЕБ порталынан немесе халықты жұмыспен қамту орталығынан білуге болады.
Еске сала кетсек, Үкімет отыры­сын­да ҚР Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Біржан Нұрым­бетов 2022 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 93 пайызы электронды болады деп мәлім етті.

И.СӘТІМ

718 рет

көрсетілді

38

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы