• Қоғам
  • 07 Қаңтар, 2021

Жемқорлықпен күрес – ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс. Қоғам дамуын алға ілгерілету үшін онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.

Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми ­кітапха­на­сының мәжіліс залында аталмыш кітапхананың ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе ­облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы мәдениет қызметкерлерінің рөлі» тақырыбында Ақтөбе облысының мәдениет қызметкерлері арасында үздік эссе жазу бойынша қашықтықтан ұйымдастырылған байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілету мақсатында өткен байқауға облыс бойынша 19 мәдениет қызметкерлері қатысып, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес бойынша өз пікірлерін білдірді. Байқау жеңімпаздары және ұйымдастыруға атсалысқан кітапхана қызметкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе ­облысы бойынша Департамент басшысы Бауыржан Балғабековтың атынан диплом және Алғыс хатпен марапатталды.


Конкурстың мақсаты – қызмет­керлердің белсенді азаматтық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние­танымын қалыптастыру, өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде мәдени қызметкерлер ­арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, мәдениетті адал қызметкердің имиджін ­арттыру. Байқау қорытындысы бойынша І орынға Ақтөбе облыстық өнер музейінің ғылыми қызметкері Іңкәр Балтабайқызы, ІІ орынға Хромтау ­ауданы Майтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлдәурен Базарбайқызы және ІІІ орынға Хромтау аудандық орталық кітапханасының әдіс­кері Баян Тойбазарқызы ие болды.
Марапаттау рәсіміне ҚР ­Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Ақтөбе облысы ­бойынша департаментінің Превенция және пара­саттылық басқармасының бас ­маманы Нұрболат Байұзақұлы, Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Алмас Бақтығалиұлы, Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы ­Малика Серікқызы қатысып, байқауға қатысқан мәдениет қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Марал ЖАЛҒАСҚЫЗЫ,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе
облыстық әмбебап ғылыми
кітапхана қызметкері

1278 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы