• Тіл
  • 01 Сәуір, 2021

СӨЗДЕН – ІСКЕ

Қазақстан Республикасынң мемлекеттік тілі мәртебесінің мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде республикалық форум болып өтті. Республикалық форум Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы, «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы қатысты.
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры Ақан Абдуалиев жиында сөз алып, тұщымды ойын ортаға салды. Ананың сүті, әкенің қанымен берілген тілдің маңызына тоқтала келе, өзекті мәселелерін қозғап өтті.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған Жанарбек Әшімжан: «Тіл үшін күрес мәңгілік күрес. Тәуелсіздіктің таңын жақындатқан Алаш арыстары да тілдің ­жайын толғанып өтті. Одан бері кезең-кезеңімен заңдар қабылданып та жатыр. Өкінішке орай, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы бұл мәселе әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Тіпті үкімет басындағылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейіне қатысты көңіл толмаушылықтар болып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған саясатына баршамыз куә болдық. Сан тарапты таразы басына тең қоя отырып, тіл мәселесін бір кезеңдерде қатты, енді бірінде тәтті қылып та айтып, жеткізді. Ұлтымыздың мойнына жауапкершілік жүктеп тұрып та айтты. «Неге бір-біріңмен қазақша сөйлеспейсіңдер?» деген де кездер болды. Расында, тіл мәселесін болашақ ұрпаққа қалдырмауға тиіспіз. Тіл мәселесіне бейжай қарауға болмайды» деді. 
Келесі кезекте сөз алған Оразкүл Асанғазықызы да осы пікірге қосылып, ана тілінің мәртебесі қашан да биік болуы керектігін баса айтты. 
«Жастарға түйткілдің түйінін тарқатуды  бір-біріңмен қазақша амандасудан бастаңдаршы деген өтінішім бар. «Рухымызды жаңғыртамыз!» деп жүрміз. Бір-бірімізбен өзге тілде шүлдірлеп сөйлесуді жалғастыра берер болсақ, рухсыз халыққа айналғанымыз» деді О.Асанғазықызы. 
Тілдер комитетінің төрағасы Әділбек Қаба өз сөзінде атқарылған жұмыстардың жай-жапсарына шолу жасап өтті.
«Шынында да, сөзден гөрі іске көшетін кезеңге келдік. Көше-көшеде ілулі тұрған жарнамадағы қателерден көз сүрінеді. Осыған байланысты заң мәжілісте қаралып жатыр. Осы төңіректе мені қынжылтатын дүние – өзге  тілде сөйлеуге құмар болып жүрген өзіміздің қазақтар екендігі. 19 миллионға жеткен болсақ, соның 70-80%-ы қазақтар емес пе? Ендеше, ана тіліміздің халі неге әлі мүшкіл күйде?» деді  Ә.Қаба.
Б.Жағыпарұлы болса, «Өзгеге жалтақтайтын уақыттан кеттік. Тілді дамытуды отбасынан бастап, осы мәселені ­шешуге күшімізді жұмсайық. Бір-біріміздің тегімізді қазақша атайық» деген  пікірін білдірді.
Жиынды академияның тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Шыңғыс Ергөбек  жүргізді.

Б.Смайыл

574 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

cWFENgRYn

07 Сәуір, 2021

ehmdAofS

dhnuTokEc

07 Сәуір, 2021

OnZRXkqMQz

ANA TILI №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы