• Ақпарат
  • 12 Мамыр, 2021

Батыр Бауыржанның мемориалды тақтасы жаңартылуы керек

Мәжіліс депутаты, «Nur Оtan» партиясы фракциясының мүшесі Дархан Мыңбай Алматыдағы ­Бауыржан Момышұлы тұрған үйдің қабырғасында ілініп тұрған ­мемориалды тақтаны ауыстыруды ұсынды. 

«Биыл ел-жұртымыз тоқсан жылды­ғын атап өтіп жатқан ақын Мұқағали тірі кезінде-ақ есімі батырлықтың рәмізіне айналған Бауыржан Момышұлына: 
Қандай сый тартсам екен, аға, саған? 
Алтын да, алмас та емес жалтылдаған, 
Бiр сый бар, аға, саған тартылмаған! 
Ұрпақтар аңыз етiп айта жүрер, 
Сыйдан да он есе артық даңқың маған, – деп жазғанын аға, орта буын жақсы біледі. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманының даңқы құрметіне Алматының Гоголь көшесіндегі өзі тұрған үйі қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта сай келе ме? Әрине, заманында лайықты болғанын ешкім жоққа шығармайды. Қазір ше?» деп ойын жеткізеді Мәжіліс депутаты. Оның айтуынша, сол үйдің тура қарсы бетіндегі парктегі ескерткіштер кешенін жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында жөндеп, әрлеп жатады. Ал Баукең дүниеден өткен соң (1982) орнатылған тас та, бейне де, ондағы кеңестік сөздер де Тәуелсіздік талабына жауап бере алмайды. 
«Тіпті жеке әріптері өше бастағаны байқалады. Әлемді фашизм өртінен қасқайып қорғаған, сын сағатта өшпес ерлік көрсеткен, бейбіт кезеңде де ұлтымыздың болмысын, рухын танытқан, мінезі мен намысы кітаптары мен жазбаларына айна-қатесіз түскен Бауыржан Момышұлы туралы ата-анасынан тек асқақ бағалау мен шынайы намыс сөзін естіген жастарға мына тақта қандай өнеге бермек? Оны реттеу үшін қоғамға, жауапты азаматтарға, баршамызға не жетпейді? Біздіңше, қаржыдан бұрын ұрпағына қазақ батыры аманат еткен намыс жетпей жатқан сияқты» деп түйіндейді сөзін Дархан Мыңбай.

1365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы