• Ақпарат
  • 10 Маусым, 2021

ҰЛТ ШЕКАРАСЫН АШУ ҺӘМ ҚАЗАҚСТАН

Орта Азияны ұлт шекарасына қарап бөлу – Кеңес хүкіметінің ұлт саясатының іс жүзінде тереңдегенінің белгісі. Орыс үстемдігі, колонизаторлар қожайындығымен күрес аяқтап, жергілікті ұлттар арасындағы от басы үстемдік, оңаша қиянатқа енді кезек келіп отыр. Ұлт ­шекарасын ашу жергілікті ұлттар арасындағы бар қиянатты, бар үстемдік-зорлықты жойып, жоқ жерінде пайда болуына жол қалдырмау үшін істеліп жатыр. Ұлт шекарасын ашудың арқасында бір ұлттың екінші ұлтқа зорлығы да, бір ұлт екінші ұлтқа зорлық қылады деген өсек те, басқа ұлттың үстемдігін паналап, «әл-құбыжық» деп қойып, өз ұлтын қиянаттаған сұмдық амалдар да – барлығы да тыйылмақ. Ұлт шекарасын ашудың іс жүзіндегі мақсаты – ұлт мемлекеттерін жасау; һәр ұлт мемлекетін жасап алып, ел басқару мәдениеті, шаруа істерін өз тұрмысына, өз салт-қалпына үйлестіріп жүргізіп, еңбек кеңесінің кең жолымен тез алға басып жасап кетуіне жол ашу. Саяси мәнісі жалпы болса да, ұлт шекарасын ашудың іс жүзіндегі мақсаттары һәр ұлттың оңаша мұңын ойға түсіреді; ұлт мемлекеттерін жасауға түрлі ұлттардың барлығының әзірлігі бірдей емес. Мемлекет жасау – ойлай салып, істей салатын оңай іс емес; бір адамның иә бірнеше адамның қолынан келетін іс емес. Мемлекет жасау жалпы жұрттың қолынан келеді. Жабыла кіріскен жұртшылықтың қолынан келеді. Мемлекетті тұрмыс шарты жасатады һәм мемлекет түрі һәр ұлттың тұрмыс салтына қарай болады. Кеңес республикасын жасау оңай емес...

 

Сұлтанбек Қожанұлы

933 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы