• Білім және ғылым
  • 03 Қараша, 2022

ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының Қазақстан экономикасындағы ерекше рөлін және оны жетілдіру маңыздылығын атап өткені белгілі.  Осы орайда «Kazlogistics» одағының ұйымдастыруымен IX көлік қызметкерлерінің жастар форумы өткізілді. Осымен тоғызыншы рет форумның бастамашысы және идеялық дем берушісі – «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағы. Жастар форумы бірнеше турдан тұрды және форум аясында көлік саласының жетекші мамандары шеберлік дәрістерін өткізді. Форумның мақсаты – көлік саласының болашақ мамандарын көлік-логистика саласының жетістіктерімен таныстыру және білім дағдыларын бағалау.

Форумның I туры «KAZLOGISTICS CUP–2022» шағын футбол
31 қазанда өтті және  ҚазҰУ-дың логистика мамандығының студенттері қатысудан қалыс қалған жоқ. Форум «KAZLOGISTICS» бас директоры Ерлан Әбсатовтың қатысушыларды құттықтап, сондай-ақ одақ атынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жастар форумының бірінші күні футбол алаңын бергені үшін алғысын білдірді. Бірінші кезеңге ҚазҰУ атынан
«Бинзес-технологиялар» кафедрасының логистика мамандығының студенттері Төлепбек Дастан, Жүзжасар Райымбек, Шохан Уәлихан, Қапан Талғат, Батырхан Бақдәулет, Жұмақанов Жан, Аманов Сұлтан, Тоқтарбек Ерлан сынды студенттер қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жарысқа қатысқан 11 университет ішінен алға суырылып шыққан студенттерімізге бас директор Ерлан Әбсатов өз қолынан дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыстады.

1 қараша күні «Ой-Қарағай» тау
курортында жастар форумының II туры өтті. Оған ҚазҰУ атынан Экономика және Бизнес жоғары мектебінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының логистика мамандығының 4 курс студенттері Әлімбаев Темірлан, Ақмолда Бекарыс, Қадыр Айкерім және Үсен Жұлдыз қатысты. Жастар форумының II туры жалпы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде студенттерге кейс-тапсырмалар берілді. Оны шешу үшін көмек ретінде білікті мамандар қатыстырылды. ҚазҰУ тобына тәжірибелі маман ретінде Көшетаев Диас қатысты. Ол ҚазҰУ түлегі әрі қазіргі уақытта логистика мамандығының 1 курс магистранты. Екінші кезеңде «Жасыл логистикадағы инновация» тақы­рыбында қатысушылардың жаса­ған макеттері таныстырылды.
Жалпы сайыс нәтижесі бойынша
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Экономика және Бизнес жоғары мектебінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының логистика мамандығының 4-курс студенттері жүлделі ІІІ орынға ие болып, 100.000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

«KAZLOGISTICS» IX жастар форумы «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «ҚТЖ» АҚ, CILT Central Asia, сондай-ақ АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің Орталық Азиядағы сауда бойынша «USAID» бағдарламасының көмегімен өткізілді. Форум аясында ҚазҰУ студенттері үлкен тәжірибе алып, жақсы нәтижелер көрсетті. Мұндай жастар форумының жылда ұйымдастырылуы логистика
саласында білім алып жатқан студент­тердің білімдерін тереңдетуге, логистика қызметінде тәжірибе алмасуға және Қазақстанда логистика саласының дамуына септігін тигізбек.

Қарлығаш МҰСА,

Мергуль Чемирбаева,

әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті,

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары

 

2059 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы