• Білім және ғылым
  • 23 Қаңтар, 2023

Дарынды жастардың басын қосқан  қара шаңырақ

        Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие,Қазақстанда  білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлерде барлық саласында табысты еңбек етуде. Университтің мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық процесс  және криминалистика кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын арттырып,білікті мамандар санын көбейтуде. Факультет миссиясы-қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін,құқықтану саласында кәсіби құзыреттілікке ие, көзқарастар мен құндылықтарға сай жаңа буындағы заң кадрларын қалыптастыру,мықты маман дайындау. Білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады.

     Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады.   ҚазҰУ - сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы. ҚазҰУ - талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. ҚазҰУ - студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Мұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамытуға толық жағдай жасалған.  Қорытындылай келе,университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.

                                               «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Шопабаев Б.А.

Заң факультетінің 3 курс студенті Қанжігітова А.С.

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы