• Руханият
  • 09 Ақпан, 2023

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КҮЙ ҚЫРАНЫ

Алматы аренадағы Ұлттық музейдің «Мультимедия» орталығында Руза Жүнісқызының басшылығымен «Қазақтың қайталанбас күй қыраны» атты кеш болып өтті.
 Кеш күйші, композитор, ұстаз, концертмейстр, ҚР -ның еңбек сіңірген әртісі Қошқарбек Тасбергеновке арналды. Кешті Роза Жүнісқызы ашып, күйшінің өмір жолымен қысқаша таныстырды. Композитор, күйші, педагог, концерт-мейстер, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Қошқарбек Тасбергенов Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы. 

Сөз алған композитордың зайы-бы Төлеугүл Тасбергенова бала­ларының әкесі туралы сағынышты сөз айтып, оның адалдығы, туыс-тары мен достарына, ел-жұртына адамдық қасиеттері жайлы тебірене айтты. Бұдан соң күйшінің қызы РHD докторы «Рухани қазына» қоғамдық қорының төрайымы Гауһар Тасбергенова әкесі туралы тебірене сөйледі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, музыка зерттеушісі, доцент Мұрат Әбуғазы қаһарман тұлға Нұрғиса Тілендиевтің Қошқарбек Тасбергеновті жоғары бағалағанын сөз етті.

–Қазіргі кезде мен білетін және құрметпен қарайтын төрт домбырашы бар. Алдымен айтайын, біріншісі де бірегейі де – өзің. Одан кейінгі жекеменшік бауырым Қаршыға, Алтайдың ақиығындай Мағауия, төртіншісі – даланың жасыл жусанындай қазақ исі бар дарынды күйші Шәміл Әбілтаев, – деп Н.Тілендиев бір кездері Сырдың дарынды ұлы Қошқарбек Тасбергеновке лайықты бағасын берген.

Бұдан соң сөзді түйіндеген Мәде­ниет қайраткері, Н.Тілендиевтің шәкірті, «Әлқисса» домбыра студия­сының жетекшісі Қанат Сәденнің күйші жөнінде айтқан әңгімелері өте әсерлі болды. Содан кейін «Әлқисса» домбыра студиясы өнерпаздары өнер көрсетті. Қанат Сәденнің өзі шәкірттерімен бірге Тасбергеновтың екі күйін орындады.

Кеш көрермені «Әлқисса» домбыра студиясының жетекшісі Қанат Сәденге, мультимедия орталығы қызметкерлеріне зор алғысын білдірді. Кеш соңында Мұрат Әбуғазы  Қошқарбек Тасбергенов жайында әлі талай кеш өтіп, жылы естелік айтылатынын атап өтті.

Қазақтың күй өнерін жалғайтын, бүгінгі өнер көрсеткен бүлдіршін домбырашылар дарынды күйшінің орнын басары даусыз. Ендеше, қазақ күй өнерінің ізін жалғар шәкірт көбейе берсін!

Мәли  ЖАПАҚҰЛЫ

477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы