• Қоғам
  • 23 Ақпан, 2023

ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

Жандос  АҚТАЕВ, «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының директоры:

Биылғы Мәжіліс сайлауында бірталай өзгеріс бар. Осыған дейін саяси партия­лар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана сайлауға түсуге рұқсат етілсе, алғаш рет азаматтар депутаттыққа өзін-өзі ұсына алады. Биыл 7 партиядан–283 адам, соны­мен қатар бір мандатты округ бойынша  609 адам, оның ішінде 525 адам өзін-өзі ұсыну арқылы саяси додада бақ сынағалы жатыр. 
Бұл өзгерістер халық арасында саяси плюрализм мен бәсекелестікті дамытуға бағытталғанын көріп отырмыз. Халық өкілетті органдарда өзінің арасынан шыққан белсенділерді көргісі келеді. Қазір қоғамға өз ісімен көмегін беріп жатқандар Парламентке келу арқылы оң өзгерістерді институционалды түрде іске асыра алады. Болашақта бұл тәжірибенің қандай қорытындыға әкелетінін көріп отырмыз.
Оған қоса айта кететін жайт, мәслихат депутаттарын сайлау. Жергілікті өкі­летті органдарға жас, өз аймағындағы мәсе­лелерден хабардар, атқарушы органдарға халық үнін жеткізе алатын жандар кіруі керек. Нақты айтатын болсақ, дауыс беруге тұрарлық кандидаттар сеніміңізді ақтайтындай болуы қажет.
Өз басым әлеуметтік мәселелермен айналысып, елімізде нашақорлықтың алдын алуына жеткіліксіз мән берілетінін көріп отырмын. Алайда статистикаға қарасақ, бұл дерт халқымыздың ауқымды санына зиян келтіріп отыр. Өз басым жүздеген ақ жаулықты аналарымыз­дың көз жасын көріп, жұбаттым. Неге кейбір кандидаттарға осындай, әрдайым көлеңкеде қалатын мәселелерді көтер­меске.
Бастысы, «дауыс жинаймын» деп, биік мінберден сөйлейтін кандидаттарға емес, ортамызды жақсар­татын адамдарға сену керек деп санаймын.
 

264 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы