• Қоғам
  • 01 Наурыз, 2023

БІЗГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

1995 жылы 30-тамызда Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға 28 жыл ішінде Парламент арқылы көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Былтырғы жылғы 5 маусымда өткен референдум арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көпшіліктің дауысымен қабылданды. Президентіміз Парламент қабылдаған Конституцияға енгізілген өзгерістерді бекітті. Соңғы өзгерістерге сәйкес Президент 7 жылға, 1 мерзімге ғана сайланатын болды. Кез келген мемлекеттің дамуының кепілі - Конституция мен заңдардың тұрақтылығы. Біздің мемлекеттегі нормативтік актілердің тұрақсыздығы мемлекеттің дамуының негізгі тежегішіне айналып отыр. Кейде мемлекеттік заң шығарушы органдар белгілі бір саяси топтардың, үлкен корпорациялардың мүдделерін қорғау үшін нормативтік актілерді қабылдайды. Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бізге әлемдік талаптарға сай келетін сапалы нормативтік актілерді қабылдау керек. Республикамыз алғаш Тәуелсіздік алған жылдары Жоғарғы Кеңесте елімізге белгілі, білімді, өмір мектебінен өткен, қоғамға белгілі азаматтар болды. “Кез келген мемлекеттің негізін қалаған кім?” деген сұрақ туындайды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сол кездегі Жоғарғы Кеңес депутаттары, заңгерлер, оның ішінде Салық Зиманов пен Сұлтан Сартаевтарды айтар едім. 1990 жылы 24-сәуірде алғаш рет “президенттік” лауазымды Республикамызға енгізуге атсалысқан, оны жариялаған, дауысқа салған - Сартаев Сұлтан Сартайұлы. Және 1990 жылы 25-қазандағы “Егемендік Декларациясын” дайындап, қабылдауға ұсынған, сол кездегі Жоғарғы Кеңес депутаттары, оның ішінде Салық Зиманов пен Сартаевтың орны ерекше мәнге ие. 1991 жылы 16-желтоқсанда бүкіл әлемге “Тәуелсіздік туралы” заңды қабылдап, Жоғарғы Кеңесте оны жария еткен академик Сартаев болатын. ҚР-ның Егемендік күнінің қарсаңында, сол кездегі Жоғарғы Кеңестің көптеген депутаттарын Тұңғыш Президентімізбен бірге Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуының іргетасын қалаушылар деп тануымыз қажет. Сонымен қатар, Егемендік алған жылдары ең маңызды нормативтік актілер қабылданған Алматы қаласындағы Жоғарғы Кеңестің ғимараты мемлекетке қайтарылып, мұражай немесе т.б тарихи орынға айналғаны дұрыс және сол уақытта елімізге қызмет жасаған белсенді депутаттардың есімдері мәңгі ел есінде қалуы керек. АҚШ-тың негізін қалаған 8 адамның есімі бүгінгі таңға дейін ойылмастай орын алып тұр. Заң шығарушы органның қызметін жетілдіру үшін Егемендік алған жылдардағы депутаттар секілді білімді, елінің мүддесін бәрінен жоғары қоятын тұлғаларды заң шығару органына тартуымыз қажет.

Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаттығына №5 сайлау округі Медеу, Бостандық,

Наурызбай аудандары бойынша үміткер

Сейтжанов Әбдіқахар Әнуарұлы

1506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы