• Ақпарат
  • 25 Мамыр, 2023

Тәңіршілдік 25 мың жыл бұрын пайда болған

Біздің дәуірімізге дейінгі VIII - VII ғасырларда кең байтақ Тұранның жерінде тәңіршілдіктің таралуы барысында әртүрлі оқиғалар болды. Сақтар мекендеген Еділдің шығыс жағалауына жақын аумақтарда, сол кездегі азиялық тармақтағы скифтер тәңіршілдікті ұстанды. Алтайдың оңтүстігіндегі көне ғұндар арасында пайда болған бұл нанымды, Оңтүстік Сібірдің іргелес аумақтарындағы, қазіргі Қазақстан жеріндегі халықтар қабылдаған. Мәжбүрлі көші-қон жағ­дайында мамонттардың, бизон­дардың, буйволдардың артынан солтүстікке, ені 1000 шақырым құрлық дәлізі арқылы Аляскаға, содан кейін бүкіл Америкаға түркілердің алыстағы ата-бабалары кетті. Басқалары батысқа Қазақстанның кең даласына, оңтүстік-батысқа, Орталық Азия оазистеріне қарай жылжыды.

Американы игеру, археологтар көрсет­кендей, біздің дәуірімізге дейінгі 25-11 мың жыл бұрын басталған. Америка кон­тинентінде біздің дәуірімізге дейінгі 23 мың жыл бұрын адам сүйектерінің қалдықтары табылған жоқ. Соңғы зерттеулердің нәти­желері Аляскада алғашқы адамдар 22-19 мың жыл бұрын пайда болғанын көрсетті. Берингиядан оңтүстікке қарай қоныс­тану 16,6 мың жыл бұрын басталды. Ғалым­дардың айтуынша, шамамен 11-10 мың жыл бұрын голоценнің тоғысында Азиядан Америкаға баратын құрлық жолы біржола жабылған.
Бұл ежелгі үндістердің көшуі, Америкаға қоныстануы осы кезеңде болғанын білдіреді. Антропологтар, археологтар, палеогенетиктер, лингвистер Америка үндістері делінетін 87 халықтың атақонысы Сібір, Алтай, Шығыс Азия болғанына сенімді дәлелдер тапты. 2000 сөзден тұратын үндістер сөздігінде 200-ден астам сөздің түркілік тамыры бар. Американың барлық халықтарының басым (негізгі) гаплотоптары алтай, сібір, шығыс азиялық халықтарға тән Q, R, C гаплотоптары. Бұған 87 үндіс халқының негізгі гаплотоптарының құрамы дәлел, оның ішінде 38 халықта – Q-M242, 31 халықта – R1 (M 173), 18 халықта – C P39.
Олай болса, Тәңіршілдік кем дегенде 25 мың жыл бұрын пайда болған деген болжам жасауға болады. Өйткені, ол алғаш рет қазіргі Америкаға қоныс аударған халықтардың арасында пайда болған.
Зерттеушілер әдет-ғұрыптарда, дәстүрлерде, салт жоралар мен нанымдарда көптеген ұқсастықтарды анықтады. Бірқатар ғалымдар мен мамандар ежелгі үнділердің наным-сенімдерін талдай отырып, оларды пұтқа табынушылық пен шамандық элементтері бар тәңіршілдіктің бастапқы, қалыптасып келе жатқан негіздеріне жатқызады. 
Көк – Тәңірі, (Көк аспан) – Құдай, Бір, барлық нәрсені жаратушы. Көне түркілердің пантеонына Жер-Су, От-ана, Күн, Ай, Жұлдыз, Ауа, Бұлт, Жел, Құйын, Күн күркіреу мен Найзағай, Жаңбыр мен Кемпірқосақ кірді. Қытай шежіресінде: «Түркілер отты бәрінен де қадірлейді, ауа мен суды ардақтайды, жерді жырлайды, аспан мен жерді жаратқан жалғыз Тәңірге табынып, оны Құдай деп атайды» делінген. Табиғат-анаға табынушылық болды (Ұмай). Л.Н.Гумилев «Ежелгі түркілер» кітабында «Аспан культі – Тәңір – Орхон жазбаларында жазылған» деп көрсетеді. Ол «Тәңірді – Көк Аспанды қастерлеу» қыпшақтар мен «бүкіл Еуразия даласына» ортақ «алғашқы дін» деп есептеді.
Талдау көрсеткендей, бұл аумақ­тардағы тәңіршілдік, сол жерді мекендеген халықтар арасында жаңа кезеңге өтіп, наным-сенімдерді, әдет-ғұрыптарды, салт жораларды түсіндіруге барын салатын адамдар пайда болды. Енисейдің бас жағынан табылған тас тақталарда ежелгі суретші ойып салған, қолында таяқша ұстаған, ұзын киімді діни қызметкерлердің бейнелері сақталған. Тостағанға өте ұқсас құрбандық үстелінің сызбаларында діни рәсімнің элементтері бейнеленген.
Ахун Баири ойшыл, тарихи тұлға болғанға ұқсайды. Оның: «ең жақсы өмірдің негізі қалай қаланады?... Артаның (от рухының) алғашқы әкесі кім болды..., күн мен жұлдызға жол ашқан, жарық пен қараңғылықты кім жаратқан секілді іргелі сұрақтарына, сол кездегі білім деңгейі тиісті жауап таба алмады. Оның түсіндірмесін Заратуштра табуға тырысты. Алайда, оның уаһи ретінде танылған жауаптарын діндарлар қабылдамады.
42 жасында Заратуштра туған жерінен кетіп, кавилердің (кайянидтер) билеушісі Виштаспаның ресми қабылдауына қол жеткізіп, оны жаңа сенімді ұстануға көндіреді.
Бұл ретте Заратуштра бірқатар іргелі ұстанымдарынан бас тартпайтынын да айта кеткен жөн. Ол бақсыларға тән атрибуттарды – ертінді, тостағанды ​​пайдаланады, аспанға, уақытқа, ауаға, желге сиынады – Тәңіршілдік канондарын, Маздаға сенімін сақтайды. Ошақтың оты өзінің сипаттамалары бойынша Мазданың жалынына ұқсас болды. Аңшылардың өмірінде өрт кезінде өртенген өлекселерді жинау табиғаттың сыйы, игілік болғаны анық, олар тұрақты бастамаларға лайық болды, салт-дәстүрге айналды, талассыз табыну объектісі болды, ал табиғи күштердің маңыздылығын үнемі растайтын діни қызметкерлердің қолында билік болды.
Заратуштра бөлетін көпір туралы айта отырып, бұл дүниені жаңаша қабылдау, әлемді түсіндірудің жаңаша түсіндірмесі туралы екенін түсінді. Алғашында туған жерін тастап кетуді ойламады, 12 жыл бойы тынымсыз, бірақ нәтижесіз өзінің түсінігін растауға, діндарларын жаңа сенімге ауыстыруға тырысты. 
Жаңадан келген пайғамбарға қатаң сөгіс діндес бауыр – тәңіршілдер тарапынан болды. Тәңіршілдіктің қойнауынан өрбіген зороастризм Байри Ахун ілімінің өзіндік жалғасы ретінде Тұран жерінде орныққан, қалыптасқан ескі сенім негіздерін жойып жіберді. Бұл жағдай ескі және жаңа конфессияларды ұстанушылар, дәстүршілдер мен реформаторлар арасындағы шайқасқа әкелді.
Виштаспаның жаңа дінге бет бұруынан кейін пайда болған зороастрийлер мен хиониттердің арасындағы діни соғыс туралы эпикалық аңыз «Зареридтер туралы аңыз» («Аяткар Зареран») сақталған. «Виштаспаның жаңа дінге бет бұруы тұрандық хионит тайпасымен соғысуға себеп болды».
Парфия поэмасы «Аййадгар – және Зареран – Зареридтер туралы (Зарера ұлы туралы) аңыз» Тұран патшасы Арэджасп пен кайянид Виштаспа арасындағы алғашқы діни соғыстың сюжетін береді. «Осылайша ол (Ардждасп) сиқыршы Видрафш пен Хазардың ұлы Намхвасты 20 мың таңдаулы әскерімен Эран-шахрға елшілікке жіберді». Эрджаспа өз елшілері арқылы Виштаспаға қауіп төндіріп, ол не бірден «әділ сенімнен» бас тартады немесе хиониттер оған қарсы соғыс ашып, бүкіл Виштаспа патшалығын отқа орап, қылыш пен қорлыққа ұшырататынын хабарлады. «Зарера туралы аңызда» хйиондардың тұрандық патшасы Арджасп пен Виштаспа арасындағы хаттың мазмұны былайша жеткізіледі: «Ұлы Мәртебелім, сіздің Ормаздтан осы кіршіксіз маздаясниялық сенімді қабылдағаныңызды естідім. Егер сіз одан бас тартпасаңыз, біздің қатты зардап шегіп, бақытсыздыққа ұшырауымыз мүмкін. Егер бұл сіздің Ұлы Мәртебеліңізге ұнайтын болса, онда бұл кіршіксіз сенімнен бас тартыңыз және біздің діндесіміз болып қала беріңіз».
«Эран билеушісі Виштаспа патшадан хйон патшасы Арджаспқа – саулық! Біріншіден, біз бұл кіршіксіз сенімнен бас тартпаймыз және сіздің діндесіңіз болып қалмаймыз, біз бұл кіршіксіз дінді Ормаздан алдық және одан бас тартпаймыз».
Екі жақ та шайқасқа дайындала бастады. Әр тарап құрбандық шалды. Осылайша Арал маңында «Ворукаш теңізінің бойында Арэджтасптың інісі Вандарманиш арийлердің айбынды Виштаспасын жеңу үшін» құрбандық береді.
Қарама-қарсы жақ та Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында құрбандық шалады: «Кавай Виштаспа Фраздана теңізінің алдында зұлым Тантриявантты, дэвке табынушы Пэшанды, өтірікші Арэджатаспуды жеңу үшін». Оны Виштаспаның туған інісі қолдап: «Датии суының алдында ержүрек салт атты Заривари дэвтарға табынушы, тырнақты зұлым Хумаяк пен оның інісі Арэджатаспаны жеңу үшін» деп қолдайды.
Содан кейін жаппай жұмылдыру жүргізілді. Виштаспа дарға асумен қорқытып: «(Эран)=шахрдағы (барлық) сиқыршылардан басқасына «10 жастан 80 жасқа дейінгі бірде-бір ер адам (қарт) үйінде қалмасын» деп хабарлансын» деп бұйырды. Осы жұмылдыру деңгейіндегі Эран Шахр халқының жалпы саны 300 мың адамға тақау болды. «Ол кезде Виштаспа патша 12 рет 12 мыңнан (140 мың) келетін әскерімен таудың басында орналасты, хйондардың билеушісі Арджасп та 12 рет 10 мыңнан (120 мың) келетін әскерімен таудың басында орналасты». Виштаспа кайянидтерінің жағы 20 мың жауынгерге басым болды. Екі патша да өздерінің бәс тігуі үшін тау шыңдарын таңдады. Бадхыз таулары Мары алқабының оңтүстігінде орналасты, олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1158,9 метр биіктіктегі Ярылған қала тауы болып табылады. Ал Қызылжар қонысы 18 шақырымға жуық мінсіз тегіс жасыл үстіртті кесіп өтеді.
Виштаспа Аржаспты [әскерін] жеңген, «Құтқарушы» деп те аталатын Кумиш тауында [Кумиш тауынан] бөлініп шыққан тау Орта жазық тауы бар. Сенім үшін болған шайқаста Эран әскері сескенген кезде әлгі таудан бөлініп, жазықтың ортасына құлағанын; оның эрандықтарды жеңілістен құтқарып, [сол үшін Кумиш тауы] «Құтқарушы» (Бундахишна) деген атауға ие болғанын айтады. Бір қызығы, Бадхызда Ярылған қала (бөлінген қала) бекінісінің қирандылары сақталған.
Шайқас біздің дәуірімізге дейінгі 700-600 жылдар аралығында болған. (Заратуштра б.д.д. 684 – 607 жж., 77 жыл өмір сүрген). Ол Кайянидтерде 35 жыл өмір сүрді, болжам бойынша б.д.д. 647 жылы тәңіршілер мен біріккен зороастриттер – кайянидтер мен арийлер арасында бірінші діни соғыс болды. Шайқас барысында екі жақ та ауыр шығынға ұшырады, Виштаспаның туған інісі Зарер (Заривари) қайтыс болды. 
Археологиялық қазба жұмыста­рының нәтижелерімен салыстыра отырып, палеогенетиканың қазіргі деректері авесталық дәуірде Тұран жерінде көне хуннулар болған деп санауға мүмкіндік береді, мұны хунну мен хиониттер гаплотоптарының сәйкестігі дәлелдейді. Хунну тарих алаңында төрт ғасыр кейін пайда болғандықтан (Хунн империясы б.д.д. III ғасырдан б.д. II ғасырына дейін өмір сүрді), хуннуға жатқызылатын хиониттер осы уақытқа дейін Алтайда өмір сүргендердің өкілі болуы мүмкін. Ханьюнь және хуньюй прахундық тайпалары Гоби шөлінің оңтүстік шетіне іргелес жатқан далада өмір сүрді. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, хуннулардың ата-бабалары хуньюй (сюньюй) қауымының құрамында болған тайпалар. Авесталық хиондар, хьондар, хвовтар атаулары ханьбюнь және хуньюй тайпаларының прахунндық атауларына жақын болуы мүмкін.
Оқиғалар ахеменидтік кезеңге дейін, яғни б.д.д. 600 ж. дейін болды, өйткені кейянидтер аумағы кейіннен Ахеменидтер империясының құрамына кірді. Эран-шехр (арийлердің елі, қаласы) империя құрамына кіргенге дейін Кайянидтердің билігінде, қамқорлығында болды. Кайянидтер билігінің авесталық уақыты б.д.д. VII ғасырда болды деп айтуға болады.
Осылайша, Алтайдан Соғдыға, Орталық, солтүстік-шығыс Тұранға қоныс аударған авесталық хиониттер (хийондар) өздерімен бірге тәңіршілдікті ала келді. Бірақ оңтүстік Тұранды мекендеген көршілес кайянидтер де зороастризмге көшкенге дейін тәңіршілдер болған.
Б.д.д. VII ғасырға дейін Оңтүстік Тұранда қоныстанған кайянидтер кейіннен тәңіршілдікті қабылдап, жалпы түркі тіліне айналған жергілікті алтай тіліне көшті. Кайянидтер арасында тәңіршілдіктің орнын басқан зороастризм кем дегенде 2-3 ғасыр бойы болды. Оңтүстік Тұран аймағына қоныс аударып, Кайянидтердің патшалығына қосылған арийлер де олармен бірге зороастризмді қабылдады.
Палеогенетиктердің зерттеулері бойынша арийлер R1a гаплотобының тасымалдаушылары болған. Заманауи деректерге сәйкес, R1a гаплотобы Орта Азияда, болжам бойынша Алтай аймағында жоғарғы палеолит дәуірінде пайда болған. Шығыс гаплотиптері 20-12 мың жыл бұрын өмір сүрген және шамамен Оңтүстік Сібірден қоныс аударған ортақ ата-тектен тарайды.
Соңғы деректер кіші топтардың бөлінген азиялық және түркі тармақ­тары R1a1a12b-ның Алтайдан оңтүстік-батысқа көшуіне негіз бол­ғанын көрсетеді. Негізінде, бастапқы R1a1a12b азиялық және түркі тармақ­тарының алтай тайпалары соңынан үнді арийліктер деп атала бастады. Бұл таптаурын әлі де сақталуда. R1a-Z93 (aka Z94 және Z95) – R1a гаплотобының ең көп тараған азиялық қосалқы тобы болып табылады. Ол Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияда (соның ішінде ашкеназ еврейлерінің арасында) орналасқан. R1a-Z93 – Орталық Азияның тарихи халықтарының таңбалауышы болып табылады. Палеогенетиктер Z93 ерекше азиялық қосалқы тармақ, Z94, Z2121, Z2123, Z2124 (түркі тармақшасы), Z2125 - S23592-YP1456 - (қырғыздар), Z21222, Z2123, R1a1a1h деген қорытындыға келді.
Арқайым тұрғындарының, Синташта мәдениеті адамдарының азия­лық тармаққа, Z93 қосалқы тобына жата­тындығы олардың арасында R1a1a1b2 гаплотобының таралуымен расталады (Уикипедия). Срубная мә­­дениеті өкілдерінен R1a1a1b2, R1a1a1b2a2a-Z2123 қосалқы топтары табылған.
1948 жылы Оңтүстік Арал маңындағы С.П.Толстов ашқан қола дәуірінің Тазабагъяб мәдениеті (таза бак – таза бақ) оның қорытындысы бойынша б.д.д. XV –XI ғасырда андронов және срубная мәдениеттерінің қоныс аударуы нәтижесінде пайда болды. Жерлеу қалдықтары бойынша палеогенетиктер азиялық тармақтың гаплотобын, оның түркілік қосалқы тобын анықтады: R1a1a12b - Z93 — Z94-Z2124-Z2125-YP413. Бұл деректер басқа тасымалдау жолын да көрсетуі мүмкін. Ұзақ құрғақшылықтың басталуына байланысты (Клименко) Ранханың (Еділдің) шығыс жағалауынан скифтік, азиялық, түркілік гаплотоптардың тасымалдаушылары Арал теңізінің батыс жағалауы (Вурукаш теңізі) бойымен каспий далалары арқылы Арал теңізінің оңтүстік жағалауына келді. Оларды кайлардың билеушісі Хосроу біріктірген жер. Палеогенетиктердің осы деректері бойынша Заратуштра Ранха (Еділ) жағалауында пайда болған, содан кейін Ворукаштың (Арал теңізі) оңтүстігіне қоныс аударған Z2123 түркі қосалқы тобының немесе Z2124 азиялық тармақтың тасымалдаушысы, яғни шығу тегі бойынша скиф (сақ) болған деп қорытындылауға болады. 
Сақтардың тағы бір ағыны Сібірдің оңтүстігінен, Алтайдан, Алатау бөктеріндегі Ыстықкөлдің солтүстік жағалауынан өтіп, Согдиана, Ферғана, Гиссар аңғарларының шұратына жетті, оларды хиониттердің (протохунну) шабуылынан кайянид билеушісі Митра өз қорғауына алды.
Осылайша, Сібірдің оңтүстігінен, Алтайдан, Таяу Шығыстан шыққан Q, J, R гаплотоптары тасымалдаушыларының өзара әрекеттесуі ассимиляцияға, жалпы алтай тілінің дамуына, тәңіршілдікті, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қабылдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жер үшін ғана емес, сенім үшін де қатыгез шайқастар жүргізді деген қорытынды жасауға болады.

Рахман Алшанов, 
профессор

7477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы