• Тұлға
  • 19 Қазан, 2023

Жүрегі құс боп ұшып кетті-ау…

Аса көрнекті ақын, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, елдік жырының эпигі Несіпбек Айтұлы 74-ке қараған жасында дүниеден озды. 
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы  Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. 
Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған ол 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1974-1984 жылдары «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995-1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.
Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры.  
Н. Айтұлы – ән-өлең жанрына да ерекше үлес қосқан ақын. Оның «Ән домбыра», «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Арман», «Дариға, дәурен», «Қазақтай ел қайда» секілді көптеген туындылары халықтың сүйікті таңдамалы әніне айналған. Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан жарық көрген.
Несағаң «Ана тілі» басылымының құрметті авторларының бірі әрі газет жанашыры еді. Оның мақала мен жырлары «Ана тілінде» ұдайы жарияланып жүретін. Қазақ сөз өнерінің белді өкілінің қазасына қайғырып, марқұмның туған-туысы, жақындары мен оқырманына көңіл айтамыз.

«Ана тілі» газетінің ұжымы.

2107 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы