• Ақпарат
  • 18 Сәуір, 2024

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Отаншыл болу мемлекеттік тілді құрметтеуге бастайды. Осы орайда тіл жөніндегі өз ой-пікірімді ортаға салсам деймін. Қоғамда тілдік орта болмайынша, тілдің өз деңгейінде дамуы екіталай. Сондықтан қазір іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілуі маңызды. Қазақ тілінде жарық көретін ақпарат құралдары да жеткілікті, балабақшаларда қазақ топтары, мектептерде қазақ тілінде оқытатын сыныптар көбейді. Демек, елімізде тілдік орта жоқ дей алмаймыз.


Мемлекетіміз өзінің тұғырында нық тұруы үшін ол халықтың тілі сақталып, Әнұраны шырқалып, Туы желбіреп, Елтаңбасы айбарлы болуы шарт. Менің түсінігімде адамның Отаны  – оның бесігі тербетілген жері. Ендеше, біздің Отан – Қазақстан. Ал Отанның тілін білу әр азаматтың парызы.
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін», – 
деп ақын Ә.Тәжібаев жырлағандай, тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – дос­тықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл – жай ғана сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асылымыз. Ендеше, тілді құрметтеу, оның нәрін, терең иірімдерін ұрпақтың құлағына сіңісті қылу – бәрімізге ортақ міндет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мен де ана тіліміздің барлық қадір-қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңісті қылсам деймін. Ол үшін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқу жоспарына, қосымша сабақтарға да ерекше көңіл бөлуге тырысамын. Әрбір азамат ана тілдің қасиетін ұрпаққа жеткізуде қолынан келген ісінен аянбаса, мемлекеттік тіліміздің аясы кеңи беретініне сенемін. 

Гүлзира ҚЫЛЫШБАЕВА, 
Жарқамыс орта мектебінің 
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 
пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы, 
Жарқамыс ауылы

94 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5676

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5399

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3140

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2528

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2487

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2465

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2198

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2183

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы