• Мәдениет
  • 09 Желтоқсан, 2011

«Ана тілінің» әр шаңырақта болғанын қалаймын

Арқабек Төлебай, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты: Ұлт газеті болып саналатын «Ана тілі» басылымының оқырмандары алғысына бөленіп жүргені белгілі. Ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттап жүрген де осы – «Ана тілі». Соңғы жылдары қасиетті Әулиеата өңірінің де тұрғындары тарапынан ұлт газетіне тұрақты жазылу дәстүрі қалыптасып келеді. «Ана тілінің» әрбір оқырманы мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында еркін кірігуіне атсалысуы тиіс. Сондықтан өңірлерде оқырмандардың көбейгені ана тілінің де мәртебесін өсіре түсетіні ақиқат.Жамбыл облысында елімізге белгілі кәсіпкер, облыстық мәс­лихаттың депутаты, Тараз қаласы мен Талас ауданының «Құрметті азаматы» Арқабек Төлебайұлын (суретте) білмейтін адам кемде-кем. Арқабек Төлебай – іскер ұйымдастырушы, білгір басшы және әрқашанда қайырымдылықтың үлгісін көрсетіп жүрген атпал азамат. Оның ана тіліне деген құрметі ерекше. Ол – шын мәнінде, тіл жанашыры. Оның айқын дәлелі – соңғы жылдары ұлт газеті «Ана тілін» аудандар мен Тараз қаласында тұратын 50 соғыс және еңбек ардагеріне, ақын-жазушылар мен тіл жанашырларына бір жылға өз есебінен тегін жаздырып беруі. Биылғы ел өміріндегі орны бөлек Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында да осы үрдістен танбай 50 адамды өз қа­ражатынан «Ана тіліне» жаздыртты. – Қазақ халқы үшін тілдің орны бөлек. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп жайдан-жай айтпаса керек. Бұл сөзде үлкен мән жатыр. Сондықтан да біздің міндетіміз – қазақ тілінің тұғырлы болуына үлес қосу. Бұл жолда «Ана тілі» газеті игілікті істер атқарып келеді. Өйткені тілдің көсегесі көгермей, ұлттың мерейі өспейді. Сондықтан өз ұрпағымызды ұлтжанды азамат болып өсуге тәрбиелеуіміз керек. Бұл ретте «Ана тілінің» орны бөлек. Сондай-ақ «Ана тілі» газеті тек тіл тақырыбын ғана көтеріп қоймай, еліміздің рухани өмірінен де түрлі мәдени, танымдық қызғылықты мақалалар ұсынып тұрады. Өзім де аталған басылымның оқырманы ретінде алдағы уақытта газет бетінен шағын және орта бизнеске қатысты материалдар көргім келеді. Өйткені қазақ жастары осы жеке кәсіпкерлік­ке байланысты көп дүниелерді білуге мүдделі. Сондықтан газет тілшілері осы тақырыпқа да жиі қалам тербесе екен деген ұсынысым бар. Біз бұл басылымға қолдау көрсетуіміз керек. Мен тілім деп шырылдап жүрген газетке қазақтың әрбір шаңырағының жазылғанын қалар едім, – дейді ол шын жүрегімен ақтарылып. Туған тілін, «Ана тіліндей» ұлт басылымдарын ардақтаған Арқабек Төлебайұлындай азаматтарымыз көбейе берсе, кәнекей! Мөлдір Ахметова, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы

1487 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы