• Ақпарат
  • 13 Наурыз, 2012

Игі істер жалғасын табады

ArximedОблыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есеп берді.

Ең алдымен айтар жайт, мұның алдындағы жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,5 пайызға өсіп, 1 трлн.239 млрд. теңгеге жетті. Өңірлік жалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемі 11 мың АҚШ долларынан асты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын сәтімен жүзеге асыру нәтижесін¬де 7600 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығындағы құрылымдар 453 мың тоннадан астам астық. 87,6 мың тонна көкөніс, картоп, басқа да өнімдер өндіріп, негізгі қажеттілікті қамтамасыз етті. Үлкен аумақты алып жатқан облыста елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру мәселелері тұрақты бақылауда. Соның нәтижесінде жыл ішінде 29 ауылда су жүйелерін жүргізу және қайта жарақтандыру жұмыстары атқарылып, бұрынғыға қосымша 22 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсу ішуде. Газдандыру саласында жалпы құны 6,5 млрд. теңге болатын алты жоба жүзеге асырылды. Облыста мемлекеттік тіл саясаты ба¬йыпты жүргізіліп келеді. Тұрғындар арасында мемлекет¬тік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген¬дер үлесі 80 пайызды құрайды. Жалпы білім беретін мектептердің – 65 пайызында, мектепке дейінгі білім мекемелерінің 71 пайызында оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Биыл мемлекеттік тілді оқытуға 1600 тыңдаушыны қамту, Қарғалы ауданында тілдерді оқыту орталығының өкілдігін ашу көзделіп отыр. Әкім сессияға қатысушылар назарын орын алған кемшіліктерге де аударды. Ақтөбе, Хромтау қалаларында, Мұғалжар, Алға, Мәртөк, Шалқар аудандарында қылмыстық әрекеттердің біршама таралуы алаңдатады. Білім беру саласында облыстың соңғы жылдары Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай жүргені айтылды. Жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамаларының толық сақталмауы салдарынан 2500 құқық бұзушылық мысалдары анықталған, бұл үшін бірқатар компаниялар басшыларына құқықтық ықпал ету шаралары қолданылған. Жүйрік уақыт қол жеткенмен шектеліп қалу¬ды ұнатпайды. Жаћандық дағдарыс тұсында экономиканы тұралатып алмауға, халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеуге міндеттіміз. Осы орайда индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан енгізілген 63 жоба жаңадан тоғыз мың үш жүз жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қуаты 440 мың тонналық жоғары көміртекті феррохром өндіретін жаңа ферроқорытпа зауыты, әйнек зауыты, қуаты 500 мың тонна болатын металлургия зауыты, үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты және басқа маңызды нысандар таяу уақыттың еншісінде. Облыс әкімі бастаған делегацияның жақын күндерде Әзірбайжан Республикасына арнайы сапар шегуі нәтижесінде инновация саласында өзара ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Шалқар, Байғанин, Ойыл және Ырғыз аудандарында жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын, Ақтөбе қаласы мен Алға, Хромтау, Қарғалы, Қобда, Мәртөк аудандарында ірі қара тауарлы-сүт фермаларын дамыту көзделіп отыр Сондай-ақ облыс орталығы мен бірнеше ауданда картоп, көкөніс алқаптары ұлғайтылады. Архимед Мұхамбетовтің үш жылды қамтитын «Көркейе бер, туған жер» акциясын жариялау жөніндегі ниетін сессияға қатысушылар қуана қарсы алды. Үстіміздегі жылы алты елді мекен табиғи газ желісіне қосылады, республикалық бюджет есебінен Қарабұтақ, Ырғыз селоларына, Мәртөк ауданындағы Кеңсахара, Хромтау ауданындағы Табантал, Қарғалы ауданындағы Степное ауылдарына газ жеткізу жұмыстары бас¬талып, екі-үш жыл ішінде толық аяқталады. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауқымды шаралар одан әрі жалғасын табады. Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ АҚТӨБЕ

3526 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы