Сарыарқа тарихынан сыр шертетін жүздеген кітап Ұлттық кітапханаға тапсырылды

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қарағанды облысының Мәдениет күндері шеңберінде жазушы, әдебиетшілермен және ғалымдармен кездесу өтті. Бас қосуға қатысушылар дөңгелек үстел басында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуын, рухани мұраны танымал ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісіне сілтеме .

Қарағандылықтар кітапханаға– «Сарыарқа кітапханасы» 100-томдығын, Ә. Бөкейханның шығармалар жинағы 15-томдығын және «Қаз дауысты Қазыбек би» басылымының екі томдығын сыйлады.

Кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев болды. Сонымен қатар ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ «Сарыарқа кітапханасы» антологиясына еңбектері енген авторлар қатысты.

«Елбасының бастамасымен бастау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамдың сананы жаңғырту, рухани жанданудың платформасы болып табылады. Бізге ең алдымен жастарды тәрбиелеу жүйесін анықтап алу қажет. Бұл ретте ұлы қазақ ағартушылары мен қайраткерлерінің еңбектеріне баға жетпес. Олардың қатарында Қазыбек би, Әлихан Бөкейханов бар, — деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшылығына кітаптар табыс етті.

«Сарыарқа кітапханасы» бірегей сериясы Қарағанды облыстық әкімдлігінің қолдауымен «Рухани мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде басып шығарылған. Анталогияның ішінде 352 автордың туындылары жиналған – Бұқар Жырау, Қаз дауысты Қазыбек биден бастап қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары бар. Әрбір том 800 дана көлемінде басып шығарылған.

15 томнан құралған Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағы бүгінгі таңда ең ауқымды болып табылады. Осыған дейін 9 том жарияланған болатын. Өткен жылы ұлы қазақ тұлғасы және публицисттің 150 жылдық мерейтойына орай жаңа жинақ басылды.

«Қаз дауысты Қазыбек би» екі томдығы 2017-ші жылы мерейтой қарсаңында басылып шығарылды. Бірінші томға мерзімдік басылымдар, мұрағат құжаттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарынан материалдар енгізілді. Ал екінші томда тарихшы ғалым Жамбыл Артықбаевтың Қазыбек би туралы монографиясы жазылған.

«Біздің кітап қорымыз рухани мұра топтамасының бағалы басылымдарымен толықты. Бұл Сарыарқа мәдениеті мен тарихын кеңге жаю үшін ауқымды мүмкіндік береді, — деп баға берді сыйлықтарға ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітқан Мұғалбаева. – Бұл сыйлық бізге жастармен жұмыс істеуге, оларды рухани және тарихи мұраға баулуда үлкен септігін тигізері анық».

Алғыс ретінде Ерлан Қошановқа Ұлттық академиялық кітапхананың оқырман билеті табыс етілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

3 Пікір

  1. Өркен

    Осындай игі бастамалар жиі болып тұрса, жастарды кітапханаларға тарту, қызықтыру жа жеңіл болады. Өкінішке орай, қазір кітапханаларға баратын жастардың қатары сиреп қалған сияқты.

  2. Сәбит

    Кітапхана қоры молайып, оқырмандар саны арта берсін.

  3. PogoEpilk

    Тем, у кого высокое давление, не надо рассказывать, какие головные боли доводится переносить. Плюс отечность, подчиненность от изменений погоды. Заниматься либо учиться в таком положении – просто кошмар. За спасение от чудища по фамилии «гипертония» можно отдать все на свете.
    Лекарства по рекомендациям не могут помочь, а доктора говорят – пробуйте, что-то поможет. Но этот продукт воздействует совершенно на любого, не зависимо от возраста и веса. У нас его пьет и бабушка, и брат. Действительно работает и помогает! Голова светлая и не трещит.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.