• Тіл
  • 29 Қараша, 2012

Тәуелсіздікке құрмет – баршаға міндет

Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік күні аталып өтпей, қалалар мен аудандарда Жаңа жыл шыршаларын орнатуға, құттықтау сөздерін жазуға тыйым салынды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, белгілі журналист Берік Уәли хабарлады.

– Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында осы мәселе алдымыздан кесе-көлденең шыға беретін. «Тәуелсіздік мерекесінің алдында неге бір жарым ай бұрын шырша құрылады?» деген өзекжарды пікір осы күнге дейін көп айтылып келсе де, орындалмайтын. «Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» демекші, біз мұны айтып-айтып әбден зәрезап болғанбыз. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат қызметіне келгенімде де осы мәселені облыс әкімінің алдына қойып едім, ол кісі «Өте дұрыс бастама. Қолдау керек» деп, қала мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына «Тәуелсіздік мерекесі аталып өткенше ешқандай шырша ілінбесін, мерекелік құттықтаулар жазылмасын» деген нақты тапсырма берді. Бүгінде сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бастаманың басталғаны жақсы ғой, бірақ оны әрі қарай іліп алып әкететін өзге де өңірлер болса құба-құп дейміз. Бізге электрондық ақпарат құралдарынан тағы бір ақжолтай жаңалық келді. Қостанай облысының әкімі де осы бастаманы қолдаймын деп айтқан көрінеді. Егер де шынымен қолдау тауып жатса, бастама бар, сең қозғалды, бұл ары қарай барлық облыстарға да үлгі болса деген ниет бар. Өйткені бұл мәселе тек облыс әкіміне емес, бүкіл елге қажет деп есептеймін. Сол себепті біз тек қана қолдау күтеміз. Осы мәселеге алғашқылардың бірі болып үн қосқан, аталған тақырыпқа арнап бірнеше мақалалар жариялаған «Ана тілі» газетінің де бастамасы кеңінен қолдау табады деген сенімдемін, – деді Берік Уәли. Иә, газетіміздің №44 санында «Береке жыл басынан басталады» деген атпен журналист Мырзан Кенжебайдың мақаласы жарық көрген еді. М.Кенжебайдың Жаңа жыл мерекесіне уақытынан бұрын дайындалуға, думандатып мерекелеуге қарсылық білдірген мақаласына орай редакциямызға оқырмандарымыздан көптеген хаттар келіп түсті. Газетіміздің өткен санында «Тәуелсіздік күні тасада қалмасын!..» атты Төлен Рамазанұлының мақаласы жарияланды. Енді міне, игі жаңалық, ақжолтай хабар Оңтүстік өңірінен келіп жеткенде қуанышымызды бөлісу мақсатымен қолға қалам алдық. Тәуелсіздіктің шын бағасын білетін барша азаматтардың тілегі қабыл болды. Берік Уәли айтпақшы, сең қозғалды. Енді тек қолдау болса болғаны. Оңтүстік өңірінің игі де үлгі тұтарлық бастамасына басқа облыс басшылары қандай қолдау танытар екен? Дәуіржан Төлебаев

2787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6679

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5951

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3693

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3081

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3038

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3014

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2743

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2728

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы