- Ақпарат
- 02 Мамыр, 2024
Еріктілердің еңбегі ерен
Бүгінде еріктілер қозғалысы шамамен 9 903 тонна гуманитарлық көмек жинады, оның 6 326 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккендерге таратылды.
Нақты айтсақ, еріктілер тұрғындарды эвакуациялауға атсалысып, құтқарылған адамдарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетеді, гуманитарлық көмекті жинап сұрыптайды, жан-жаққа жөнелтіп, арық қазып, бөгеттерді күшейтеді. Қажет болған жағдайда құтқару және әскери құрылым қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырады.
Ақтөбе облысында азаматтарды эвакуациялауға және гуманитарлық көмек пункттеріндегі жұмысқа 8 600-ден астам ерікті жұмылдырылды. Екі гуманитарлық көмек пунктінде 860 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Еріктілер күш-жігерінің арқасында 10 мың құтқарушы мен эвакуацияланған тұрғынға ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларда 8 мыңнан астам ерікті жұмыс істеді, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде 780 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. 4 мыңнан астам ерікті қаланың әртүрлі ауданында қаптарға құм толтырып, бөгеттер салып, судан қорғану іс-шараларымен айналысып жатыр.
Қостанай облысында 10 мың-нан астам ерікті жұмылдырылып, 550 тоннадан астам азық-түлік, 720 тонна азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарлар жиналды.
Атырау облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға 13 мыңнан астам ерікті тартылды, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде 1 890 тонна тауар мен зат жиналды.
Атырау қаласында бөгеттерді күшейту үшін 107 пункт орнатылды, әлі де бөгеттер салынып жатыр. Нысандарды қорғауға ерекше көңіл бөлінген.
Солтүстік Қазақстан облысында 530 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, Түркістан облысында 18 еріктілер штабы құрылды, зардап шеккен өңірлерге 950 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.
Астана қаласының 30 еріктілер ұйымы 1 120 тонна азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарларды жинап берді.
Б.БАЛАУБАЕВА
932 рет
көрсетілді0
пікір