• Мәдениет
  • 29 Қараша, 2012

Серпілістерге толы кезең

Тақталифум Есенғұлов – егемен еліміздің мұнай-газ өндіру саласында үлкен тәжірибе жинақтап, ысылған мамандардың бірі. Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін, ол еңбек жолын «Октябрьмұнайгаз өндіру» басқармасында цех геологы болып жұмыс істеуден бастады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында қызмет сатыларынан абыроймен өтті. Қазір қоғамның Бас директорының орынбасары, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Біз Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тақталифум Сәдуұлын әңгімеге тартқан едік.

– Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ынтымақтастығы нәтижесінде өмірге келген акционерлік қоғам шежіресінен басты оқиғаларды айтып берсеңіз? Қазіргі таңда кәсіпорын әлеуеті қандай дәрежеде? – 1997 жылы Қазақстанда Қытай Ұлттық мұнай корпорациясының инвестициялық қызметі басталуы нәтижесінде Ақтөбедегі мұнай компаниясының көпжылдық тарихында жаңа жарқын беттер ашылды. Үстіміздегі жыл «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының 15 жылдық мерекелік кезеңі ретінде есте қалып отыр. Инвестицияның жалпы көлемі 5,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Мұнай өндіру көлемі 2,5 мил­лион тоннадан 6,2 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Акционерлік қоғам көмірсутекті шикізат өндіру ауқымы жөнінде елімізде ал­дыңғы қатардағы бес мұнай-газ опе­раторларының бірінен саналады, Халықаралық экологиялық менедж­мент жүйесінің «ИСО-14001» сертификатымыз бар. Ынтымақтастықтың көп жылғы кезеңінде компания өзін сенімді стратегиялық бәсекелес ретінде көрсетті. Тиянақты байланыс куәсі ретінде шикізат қоры бастапқы баға бойынша 100 миллион тоннадан астам мұнай деп есептелетін Солтүстік Трува кен орнында көмірсутекті шикізат өндіру жөнінде келісім-шартқа Қазақстан Үкіметі тарапынан қол қойылуын айтуға болады. Қазіргі күнде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» келісім-шарт негізінде Жаңажол, Кеңқияқ кен орындарында (тұзасты және тұзүсті қабаттары), сондай-ақ Кас­пий маңы ойпаты шығыс бөлігінің Орталық аймағында барлау жұмыстарын жүргізуде. Өткен 15 жыл ішінде мұнай дайындауда қуаты жылына 2 млн. тонна, газ дайындауда қуаты жылына 1,4 миллиард текше метрді құрайтын зауыт салынып, пайдалануға берілді. №3 зауыттың бірінші кезегі жылына 2 миллиард текше метр газ дайындайды, сондай-ақ жылына 4 миллион тонна мұнай дайындауға мүмкіндік беретін №4 зауыт іске қосылды. Жаңажол – №13 газ айдап-сығымдау стансасы аралығында 162 шақырымдық газ құбыры жүргізілді. 2012 жылдың он айында мұнай өндірудің көлемі бес миллион елу мың тоннаға, газ дайындау – 2,9 миллиард текше метрге жетті, 195 мың тонна сұйылтылған газ өндіруге қол жеткізілді. – Осы тұста алдағы межелерге қысқаша сипаттама берсеңіз... – Ең басты жоспар – 2014 жылы №3 зауыттың қуаттылығы жы­лына 5 миллиард текше метр газ өндіруге мүмкіндік беретін екінші және үшінші кезектерін пайдалануға беру. Мұнда дайын­далған газ Бейнеу-Бозой-Оңтүстік газ құбырына жіберіледі. – Құрамында жеті мыңнан астам адам жұмыс істейтін акцио­нерлік қоғам Ақтөбе облысы­ның әлеуметтік дамуында айтар­лықтай ықпалы бар жетекші кә­сіпорындардың бірінен саналады. Бұл тұрғыда не айтар едіңіз? – Осы он бес жылдың ішінде бюджетке салық және басқа төлем­дер бойынша 1,6 триллион теңге түсірілгені көп жайды аңғартады, оның ішінде 271,6 миллиард теңге биылғы тоғыз айға тиесілі. Аталған кезеңде облыстың әлеуметтік саласы мен инфрақұрылымдарына 10,2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, бұдан 602 миллион теңгесі биылғы он айдың еншісінде. Аймақтың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында тұрғылықты халық пен отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарының тұтынуы үшін компания тарапынан жыл сайын орта есеппен арзан бағасы­на 1,3 миллиард текше метр тауарлы газ беріледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауылды дамыту қажеттігі туралы бастамасына қолдау ретінде Ақтөбе облысында көктемгі егіс себу және егін орағы кезінде селолық аудандардың инфрақұрылымдарына жылына 1 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салып отырмыз. Үстіміздегі жылы облыс әкімдігі мен акционерлік қоғам арасындағы әлеуметтік саясатты қамтитын жыл сайынғы Меморандумның оныншы кезеңі жүзеге асырылуда. Аймақты газдандыру бағдарламасы шеңберінде Жаңажол-Ақтөбе және Жаңажол-№13 КС газ жүргізу желілері құрылды. Селолық елді мекендерге газ беру мақсатымен бірнеше автономдық газ тарату стансалары орнатылды. Облыс экономикасына ай­тарлықтай ықпалы бар Жем-Жаңажол теміржолының салынуы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін 80 пәтерлік тұрғын үйдің берілуі, медициналық мекемелерге сыйға тартылған «Жедел жәрдем» көліктері – акционерлік қоғам басшылығының жүйелі қызметінің нәтижесі. Биыл ауылшаруашылығы өндірушілеріне сақтандыру төлемдері үшін 100 миллион теңге аударылды, Ақтөбе қаласы мен аудандарда инфрақұрылымдар ғимараттарын жөндеуге 100 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетілді. Емделуді қажет ететін жеке тұлғаларға атаулы көмек ретінде 1,6 миллион теңге жұмсалды. Елбасы Н.Назарбаев белгілеген әлеуметтік ықпалдастық са­ласындағы республикалық «Парыз» конкурсында 2010 жылы Гран-при бәйгесін иеленуіміз – акционерлік қоғам шежіресінде айтулы оқиғалардың бірі. – Кезінде акционерлік қоғамға қарасты мамандандырылған арнаулы көлік басқармасында түсінбестіктер болды. Өткен жылы Темір ауданындағы Шұбарши оқиғасы жұртты елең еткізді. Осының жай-жапсарын баяндасаңыз.... – Қазіргі ғаламдастыру ке­зеңінде уақыт талабынан қалып қоюға мүлде болмайды. Қажет­тілікке қарай құрылымдарда өз­герістер жүзеге асырылатынын ұғынуға тиістіміз. Қаржыны орын-орнымен жұмсай білу, қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Мамандандырылған арнаулы көлік басқармасы компания құрамында «Арнаулы техника басқармасы-автокөлік колоннасы» ЖШС болып қайта құрылды. Жұмысшылар мен қызметкерлер өз міндеттерін тиянақты атқарып келеді, жалақылары уақытылы беріліп отырады. Шұбарши кенті мен Кеңқияқ, Сарыкөл ауылдарында мұнай-газ өндірудің бірнеше мекемесі шоғырланған. Әлеуметтік ахуалдың ушығуы салдарынан жағдай күрделене түсті. Республикалық, облыстық деңгейде дер кезінде көңіл бөлінуімен шұғыл шаралар қолға алынды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңір тірлігін тұрақты бақылауға алып отыр. Ең алдымен мұнай-газ кәсіпорындарына тұрғылықты адамдарды жұмысқа алу жүзеге асты. Ауызсу және газ құбырын тартуға, Покровка-Кеңқияқ жолын қалыпқа келтіруге қаржы бөлінді. Шұбаршиде 300 орындық, Кеңқияқта 600 орындық мектептер салынды, аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүр­гізілді. Осындай игі істерден біздің акционерлік қоғам сырт қалмай барынша үлес қосып келеді. – Сіз мұнай-газ саласында ысылған, тәжірибелі мамансыз. Ал жұмыстан қолыңыз қалт еткенде немен айналысасыз? Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз... – Ондаған қуатты кәсіпорынды біріктіріп тұрған акционерлік қоғам басшылығындағы қызмет – үлкен сенім, жұмыс ауқымы күрделі, абыройға сызат түсіріп алмауға тырысасың. Оның үстіне қоғамдық тапсырмалар бар. Сайлаушылармен жиі жүздесуге тура келеді. Дегенмен, қол босаған сәттерде кітап оқуды, футбол ойнауды ұнатамын. Марқұм әкем Сәду – қарапайым мал маманы, әдебиетке құмарлығы күшті еді. Сол кісіден ауысқан қасиет деп ойлаймын. Отбасыма келсек, әйелім Гүл­бану – кәсіпкер, ұлдарымның үлкені Тахауи студент, Шапағат пен Саламат мектепте оқып жүр. – Әңгімеңізге рақмет! Әңгімелескен Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ, журналист Ақтөбе

2994 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6628

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5927

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3670

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3055

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3015

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2991

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2720

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2705

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы