• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Жастарға үлгі етілді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматыдағы Экономика және Басқару Академиясы – Еуразия Нарық инс­титутында дөңгелек үстел болды. Мақсат – аты әлемге мәшһүр саясаткер, ұлтымыздың біртуар перзенті, көшбасшымыз, Тәуелсіз Қазақстанның Тұң­­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жас Қазақ елінің мемле­кет болып қалыптасуы мен жалпақ әлем­ге танылуына сіңірген қажырлы қайра­ты мен ел іргесін берік, бүтін ұстап, экономикасы мен руханиятын көтеруде­гі көрегендік саясатын салмақтап, жас ұрпаққа үлгі ету. Дөңгелек үстелді оқу орнының басшысы, профессор Айтқали Шоқалиұлы Нұрсейіт сөз сөйлеп ашты. Ол Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында еліміздің бірден-бір дұрыс сара жол таңдауына Елбасының дана басшылығы мен халықаралық беделінің зор ықпалы тигенін баса көрсетіп, бұдан әрі де зор жетістіктерге жетелей беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ сөз сөйлеген ғалымдар А.Шәменов, Д.Мұқатова, Е.Байдаров, С.Қазиев, Б.Ідірісовалар Қазақстанда Президенттік институттың қалыптасуы, Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Елбасының рөлі мен орны, Республика Президентінің құқықтық мәртебесі, саяси қайраткерлігінің философиялық, қоғамдық-әлеуметтік қырларына тоқталды. Надежда Құдайбергенқызы

2585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6634

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5930

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3673

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3061

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3018

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2994

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2723

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2708

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы