• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Ана тілі – бәріміздің анамыз...

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлт үшін маңызды саналатын тіл мәселесін әрдайым да назардан тыс қалдырған емес. Алқалы жиындарда сөйлеген сөздерінде, жекелеген туындыларында қазақ тілінің қасиеті мен құдіретіне ерекше көңіл бөліп келеді. Төменде Елбасының тілге қатысты бірқатар толғамды ойлары оқырман назарына ұсынылып отыр. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! * * * Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. * * * Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. * * * Қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу – міндетті талап болуы тиіс. * * * Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. * * * Тарих пен тіл тамырлас. * * * Өз тілімізбен өмір сүрейік! – бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» * * * Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл. * * * Шүкір, ел есін жиды: тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екенін кештеу де болса түсіндік. * * * Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. * * * Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. * * * Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым. * * * Өзіміз ана тілімізде сөйлемейін­ше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. * * * Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі. * * * Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. * * * Ата-бабаларының асыл сөзін жүз томға жинап, бастырып шыға алатын ел – бақытты ел, бақуатты ел, болашағы кемел ел. Қазақ елі – сондай ел. Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін, жатық етіп аударып, бар бояуымен, өзгеше өрнегімен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, құнарлы тіл, құдіретті тіл. Қазақ тілі – сондай тіл. * * * Ана тілін білмеу – қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. * * * Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы. * * * Ана тілін қадірлеу әр азаматтың перзенттік парызы. * * * Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады. * * * Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабала­рымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр. * * * Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас. * * * Қиын кезеңдерде ұлтты қожы­рат­паудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс. * * * Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да. * * * Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! * * * Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ. * * * Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі. * * * Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін. Бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз. * * * Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тілінде сөйлесе тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастасаң, ол – кешірілмес күнә. * * * Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары. * * * Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек. * * * Қазақ тілін оқытуды біз бірінші сыныптан бастаймыз. Бұл – кеш. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қазақ тілі бөлекше орын алуға тиіс. Қазір бүкіл әлемдегі мамандар адамның қабілетін бес жасқа дейінгі кезең айқындайтынын айтып отыр. * * * Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді. * * * Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі. * * * Қазақ пен қазақ әлі күнге қазақша сөйлеспейді. Немерелерімізге дейін қазақша үйреніп үлгерген жоқ. Ең бастысы – қай жерде болсын, өз тілімізді өзіміз дәріптеуіміз, мадақ етуіміз керек. Сонда ғана туған тілін сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелей аламыз.

4671 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6798

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6011

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3749

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3138

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3096

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3072

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2800

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2785

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы