• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Кәсіподақ міндеттері сараланды

«Достық» үйінде «Кәсіподақ қоз­ғалысы: жаңғырту жолдары және инновациялық дамыту» атты конференция болып өтті. Конференцияны «ҚазТұтынушыБақылау» ҚБ-ның президенті Дәурен Қайсаров кіріспе сөз сөйлеп ашты. Басқосуға Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен, Алматы қалалық кәсіподақтар ұйымының төрағасы Кенжебек ­Омарбаев, ҚР еңбек конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Мәшкенов, Алматы қалалық кәсіподақтар ұйымының құқықтық мәселелер бойынша бас маманы ­Андрей Бакаев, «Қамқоршы» байланыс қыз­­мет­кер­лері, бастауыш кәсіподақ ұйы­мы­ның төрайымы Тамара ­Глазкова, Алмалы аудандық «Нұр Отан» ХДП-сы филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Александр ­Братенков және т.б. қатысты. Кәсіподақтар іс жүзінде жұмысшы-қызметкерлердің мүдделерін қорғаушы, мемлекет пен бизнес өкілдерінің әлеумет­тік серіктесі десе де болады. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы­на қарай 20 қадам» мақаласында кәсіподақ институттарын жаңғырту қажеттілігі туралы атап көрсеткен. Осы күнге дейін кәсіподақтар еңбек заңдылықтарын, еңбек қауіпсіздігін, басқа да еңбекке байланыс­ты түйткілдерді назарда ұстап, көптеген өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. – Алматы қаласы кәсіподақтары ұйы­мының бірлескен отырысы Ішкі сая­­сат басқармасының әлеуметтік тапсырысына сәйкес ұйымдастырылды, – дейді Бақтияр Мәкен. – Кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту, жаңғыртуға қатысты мәселелер ортаға салынды. Алдағы уақытта осы бағытта не істелуі керектігі талқыланды. Елімізде экология, білім, коммуникация және тағы басқа да салалар бойын­ша құрылған көптеген кәсіподақ мекемелері бар. Солардың бәрі басқосып, кезек күттірмес мәселелерді қарастырды. Жақсы ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныстардың бәрі қолдау тауып, жүзеге асатын болса, елеулі нәтижелерге қол жеткізетініміз анық. Исатай ҚОРҒАНБАЕВ АЛМАТЫ

3583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6720

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5973

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3712

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3101

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3057

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3034

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2763

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2747

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы