• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Қазақ баспасөзінің бүгіні мен болашағы талқыланды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, осы Серіктестікке қарасты «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Экономика», «Үркер» басылымдарының редакторлары «Қазақ баспасөзінің бүгіні мен болашағы» тақырыбында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен, студенттерімен кездесу өткізіп, аталған тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті.  Кездесуді ашқан оқу орнының аппарат жетекшісі Бақтияр Сманов «Қазақ баспасөзінің бүгіні мен болашағы» тақырыбына байланысты сөзін бұқаралық ақпарат құралдарының өміріміздегі қандай орын алатынынан, олардың қаншалықты маңызды екенін айтып өтті. – Бұл тұрғыдан алғанда «Қазақ газет­тері» ЖШС-ға қарасты басылымдар өздерінің бағыт-бағдарына сәйкес әртүрлі тақырыптарға қалам тербеп, біздің рухани әлемімізді байытып келеді, – деді Бақтияр Өрісбайұлы. Жазушы-публицист Жұмабек ­Кенжалин қазақ баспасөзі төңірегінде ой қозғап, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылу тарихына, жүріп өткен жолына, қазіргі таңдағы жасап жатқан жұмыстарына, Серіктестіктің алда тұрған келелі міндеттеріне тоқталды. – Бүгінгі таңда біздің Серіктестіктің құрамында «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Үркер», «Экономика», «Уйғур авази» басы­лым­дары бар. Әр басылымның өз ерекшелігі бар. Өздерінің көтеріп жүрген тақырыптары бар. Заман ағымына сай ға­ламтор беттерінде электрондық нұсқалары да жарияланып отырады. Біздің ендігі мақсатымыз, Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақа­ласында айтылғандай, бұқаралық ақпарат құралдарын модернизациялау бойынша, жұмысымызды жаңа сапалық деңгейге көтеру. Бұл үшін басылым ұжымдары оқырмандардың талғамынан шығатын материалдар жариялау, халықтық маңызы бар мәселелерді тереңірек қозғау, оқырмандармен, авторлармен жан-жақты нәтижелі жұмыс жүргізу, өзіндік жобалар әзірлеу сынды көптеген жұмыстарды атқарып жатыр, – деді ол. Жұмабек Омарұлы кездесуде қазақ баспасөзінің жай-күйіне байланысты қойылған сауалдарға да жауап берді. Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы Ақтолқын Құлсариева қазақ бас­па­сөзінде ұстаздар қауымының тыныс-тіршілігін көбірек жазу, олардың мәртебесін жоғарылатуға байланысты өз ойын білдірді. – Қазіргі таңда елімізде ұстаз мәр­тебесін жоғарылатуға арналған көптеген іс-шаралар жасалып жатқаны белгілі. «Қазақ газеттері» ЖШС-ға қарасты басылымдар өз тарапынан осы мәселеге көңіл бөліп, ұстаздардың атқарып отырған еңбектерін баспасөз беттерінде жиі көтерсе деген тілегім бар, – деді. Кездесуде, сондай-ақ «Мысль» жур­на­лы­ның бас редакторы Сейдахмет Құттықадам, «Ақиқат» журналының бас ре­дакторы Аманхан Әлімұлы, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраим, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай, «Экономика» газеті бас редакторының орынбасары Амангелді Шопан көтеріліп отырған тақырыпқа байланысты пікірлерін білдіріп, көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Дәуіржан Төлебаев

3283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6740

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5983

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3722

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3112

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3067

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3044

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2773

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2758

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы