• Ақпарат
  • 07 Желтоқсан, 2012

«Ұлттық идеядан – ұлттық бірлікке»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Ұлттық идеядан – ұлттық бірлікте» деген тақырыпта жиын өтті.  Іс-шараға Алматы қаласының мәдениет, әдебиет, ғылым және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ақын-жазушылар, журналистер қатысты. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай ашты. Ол «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасының мақаласындағы тұжырымдарға баса назар аударды. Жазушы Дидахмет Әшімханұлы жиынды өткізудің басты мақсаты Елбасы атап көрсеткен мәселелерді шығармашыл өкілдермен бірге талдау екендігіне тоқталды. Сонымен қатар ол қазақ ұлтының ерекше қасиеттерін, өзге ұлт өкілдерімен достығын бекемдей түсу мәселесі туралы өзінің пікірлерін де айтып өтті. «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Қуанбек Боқаев қазақтың салт-дәстүрлерін ұлттық идеологияның өзегіне айналдыру жайлы өзінің пікірін ортаға салса, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім ұлттық идея және идеологияның теориялық мәселелерін тілге тиек етті. Сондай-ақ жиында қаламгерлер Рафаэль Ниязбеков, ­Мырзан Кенжебай, Нұрдәулет Ақыш, Ахметжан Әшіровтер ұлттық бірлікті насихаттауды қолдап, пікірлерімен бөлісті. Сөйтіп, қазақтың ұлт болып ұйысуы, Қазақстан халқы­ның бірлігінің негізі болатыны жөнінде айтылған алуан пікірлер бір арнаға тоғысқандай болды. Жалпы бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы алуан тақырыпта осы секілді жиындар өткізудің, пікірталастың маңызы зор болатыны, мұнда әркім толғандырған мәселелерді бүкпесіз айтып, өзгелердің ой-толғамдарын сыйлауға дағдыланады. Сөйтіп, ортақ ой, ортақ идея туындауы әбден мүмкін. Өйткені мұнда басты мақсат – қазақ ұлтын ұйыстыру, қазіргі заман талабына сай алға оздыру мәселесі болмақ. Жиынға қатысқандар алдағы уақытта осындай пікірлер жарысын тұрақты өткізіп, оны баспасөзде жариялап отырудың да пайдасы зор болмақ деген қорытынды жасады. Нұрлан ҚҰМАР

2259 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6225

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5719

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3458

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2840

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2803

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2781

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2512

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2497

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы