• Ақпарат
  • 22 Желтоқсан, 2012

2012 жыл өтіп барады...

Әне-міне дегенше 2012 жыл да тарих қойнауына кетіп барады. Ұлу жылы өзіндік ерекшеліктерге, сәтті оқиғаларға толы болды. Ата-бабаларымыз ұлу жылын тыныштық, ынтымақ, молшылық жылы санаған. Жалпы қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша берілген анықтамада ұлу жылы берекелі жыл болатындығы көрсетілген.  Биылғы жыл әдеттегідей 365 күн емес, бір күнге ұзарды. Әдеттегідей ақпан айы 28-іне емес, 29-бен аяқталған еді. Қазақстандық спортшылар Лондон олимпиадасында өте сәтті өнер көрсетті. Ұлыбритания астанасында өткен Жазғы олимпиадада спортшылармыз 7 алтын, 1 күміс, 5 қола, яғни барлығы 13 жүлдеменен командалық есепте 12-ші орынға жайғасты. Бұл сандық көрсеткіштердің өзі көп нәрсені білдіртсе керек. Себебі қазақ халқы өзі қадір тұтатын 7 саны бойынша алтын жинадық. Одан басқа ХХІ ғасыр басталғалы 12 жылдың ішінде 12-ші орынға табан тіреуіміздің өзі ерекше ойға қалдырады. Спортшыларымыз бұндай жетістікке бұрын-соңды жеткен емес. Қазақстан халқы биыл 1 желтоқ­сан күні еліміз үшін елеулі оқиға – алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалып­тасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. «ЕХРО-2017» Бүкіләлемдік көрмесін өткізу қандай мемлекет үшін де ерекше абырой, зор бедел екендігі ақиқат. Егемендік шежіресін бастағанына 21 жылдың жүзі болған Қазақстан талай-талай дамыған елдерді шаң қаптырып, осы мерейлі межеде тағы да жеңіске жетті. Бұл – тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі айтулы жетістіктерінің арқасы, бұл – Тұңғыш Президенті­міз Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзіндегі шынайы беделінің жемісі екендігі даусыз. Астана 103 дауыспен «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Қазақстан үшін дәл бүгінгі күннің тарихи маңызы тіптен айрықша. Біздің ел бұл күнді көптен тағатсыздана күтіп келгені рас. Нақтырақ айтсақ, 2011 жылдың 10 маусымында дәл осы Парижде Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтеріне Қазақстан Үкіметі Астанада «EXPO-2017» көрмесін өткізу туралы өтінішін тапсырған болатын. «Экспо» деген сөздің өзі (ағылшынша – exposition) «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Әлем елдерінің алдында мемлекеттің бар жетістігін жайып салып, мүмкіндігін дәлелдей білу оңай іс емес. Әрине, оның үстіне Халықаралық көрмелер бюросының талаптарына сәйкес көрмені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласы әлемнің 100 мемлекетінен келетін қатысушыларды қабылдай алатындай қауқары болу керек.

Бұл, әрине, алдағы бес жылдың еншісіндегі қыруар дайындық шараларына тікелей байланысты. Сөз жоқ, «ЕХРО-2017» Астана көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағында өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болып табылмақ. Олай болса, Қазақстанды алдағы 5 жыл көлемінде қыруар дайындық шарасы күтіп тұр. 2017 жылы өтетін Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндіреді деген үміт бар. Себеп – елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр. Астана көрмесінде Табиғат-Анаға залалсыз «жасыл технологиялар» алдыңғы орынға шықпақ. Әзірге, белгілісі, Астана көрмесінде кемінде 4-5 миллион адам келеді деп күтілуде. Жалпы аумағы 113 гектар жерге ғаламат павильондар салынады. Елорданың көркіне қосар тамаша заманауи ғимараттар бой көтереді. Биыл ел күткен 2012 жылдың 12 айының 12-сі күні сәрсенбінің сәтті күніне дөп келді. Он екі саны туралы сөз қозғағанда көп нәрсе ойға оралады. Айталық, ежелгі қазақ жұмбақтарында он екіні пайдаланған сәттер де жеткілікті. Бір жылда он екі ай болатындығы, соғымды он екі мүшеге бөлетіндігі, адамның он екі мүшесінің он екі жұлдызға сәйкестігі, кейбір елдерде 12 қабаттан соң 13 қабат немесе 13 нөмір болмайтындығы секілді тосын жағдайлар жеткілікті. Он екі мүшел жылдың туылуы Қытай­дың ертедегі астрономиялық күнтізбесінің шығуымен тығыз байланысты. Тарихтың даму кезеңінде, он екі мүшелдік жыл көптеген мәдениет сипатын өзіне астар етіп, жұлдыздармен адамның тағдыр қатынасын сәйкестірген. Ежелгі қытайлар он екі мүшел жыл «Жоғарыда жұлдызбен, төменде пенде тағдырымен сәйкес», адамдардың тағдыры жұл­дыздардың сырлы әсеріне ұшырайды деп қараған. Жалпы биылғы қыс қақаған аязын ала келді. Қазақстанның бүкіл өңірінде қалың қар жауды. Еліміздің солтүстік бөлігін айтпағанның өзінде, оңтүстік аймақта ауа температурасы едәуір төмен түсіп тұр. Бұл бұрын-соңды болмаған құбылыс. Тіпті Еуропаны айтпағанның өзінде, қардың не екенін білмейтін Үндістан еліне де қалың қар түсті. Әлем халқы желтоқсан айының 21-і күні ақырзаман болады деп үрейленгені анық. Өйткені Мая күнтізбесі 2012 жылдың 21 желтоқсанына дейін ғана жазылған екен. Бас мүфтиіміз шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы даурықпа қарсаңында атап өткендей, басы ашық нәрсе: бәрі – бір Алланың қолында. Біз біреудің айтқанына емес, Құдайдың қалауына ырық берген халықпыз. Әлдебір тайпаның тұспалдаған тұжырымына емес, бір Алланың әміріне амал еткен елміз. Биыл күнтізбе жазуда да ерекше назар аударатын цифр болды. Олай дейтініміз 20 желтоқсан күнін көпшілік қауым 20.12.2012. деп жазатыны белгілі. Ал осы сандардың арасындағы нүктелерді алып тастасақ 2012 деген сан екі рет қайталанатынын байқауға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұндай сәйкестік ХХІ ғасырда соңғы рет қайталанды. Ал келесі жылы осындай сәйкестік болмайды. Себебі кез келген ай 12-мен аяқталатыны белгілі. Сөйтіп, бір жылды артқа тастағалы тұрмыз. Өткен жылға өкпе жоқ. Қош, 2012... Нұрлан ҚҰМАР

2806 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5963

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5579

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3317

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2701

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2664

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2639

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2373

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2358

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы