• Мәдениет
  • 26 Желтоқсан, 2012

Сахнада – студенттер театры

театрЫ.Алтынсарин атындағы Ар­қа­лық мемлекеттік педагогикалық инс­титутының студенттері теория­лық білім алумен қана шектеліп қалмай, қоғамдық өмірге де белсене араласады. Институтта біраз жылдан бері филология ғылым­да­рының канди­даты, доцент, айтыскер ақын Айбек Қалиев жетек­шілік ететін Міржақып Дулатов атындағы әдеби-мәдени бірлестік жемісті қызмет атқарып келеді. Бұл бірлестік он бағытта жұмыс жасайды. Дарынды студенттердің барлығы мүшелікке алынып, олар әрбір бағыт бойынша бөлініп қызмет атқарады. Осы бірлестік ішінен былтырғы жылы «Руханият» драмалық театр үйірмесі құрылып, өнерлі студенттер актерлік қырларымен танылып, қала халқына Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэ­масы желісі бойынша сахналық көрініс қойып, өнерсүйер қауымға кеңінен таныс болды. Студенттік театр таяуда Әлімбек Оразымбектің «Бір түп алма ағашы» атты драмасын көрермен қауым­ға ұсынды. Драмада бір отба­сының күнделікті өмірі мен бір-біріне деген сыйласымдығы, қа­рым-қатынасы, ауыр да қасіретті трагедиялық образ арқылы сахналанды. Драманың қоюшы режиссері әрі басты рөлді сомдаған Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының актері Нұрлан Байшин. Негізгі рөл­дерді Қыдыркүл Балғабай, Талғат Төремұратов, Гүлжанат Әбдіке­реева, Жетібай Көбей, Жанна Қамбар сомдады. Олар кәсіби артистердей өздерін сахнада еркін сезініп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Студенттік театрдың жас актерлеріне мәслихат хатшысы Нақан Шалдыбайұлы, институт ректоры Сейітбек Бекенұлы, Мираш қажы ақ тілектерін білдіріп, қойылымның сәтті өткенін айтып, өнерлі студенттерге әрқашан қолдау болатындығын жеткізді. «Руханият» театры көрерменді әр уақытта да қуантып, рухани азық сыйлайтынына сенеміз. Елдос ТОҚТАРБАЙ АРҚАЛЫҚ

3213 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5960

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5576

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3315

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2698

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2661

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2636

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2371

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2356

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы