• Тұлға
  • 26 Желтоқсан, 2012

Мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Мынбаев2012 жыл мәдениеттің бар саласы үшін ерекше жыл болды. Астанада ғажайып опера театры бой көтерді. Алматыдағы опера театры өз тарихында алғаш рет зингшпиль жанрына түрен салып, мұнан бөлек үл­кен опереттаны сахналады. Әлемнің әр қиырында алмағайып оқиғалар орын алып отырғанда, біздің театрларда жаңа пьеса­лар­дың премьералары жүріп жатты. Төрткүл дүниенің әр қиырында қа­зақ­ кинематографиясының жаңа туындылары таныстырылды. Шет мемлекеттерде өткен Қазақстанның мәдени күндерінде сан қырлы өнеріміз салтанат құрды. Жылдың барлық кезінде жа­зу­шылардың жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімдері өткізілді.  Осының бәрі мемлекетіміздің өркендеуінің айқын көрінісі екені анық. Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Жарлығымен бір топ мәдениет пен өнер қайраткерлері де мемлекеттік наградалармен марапатталғаны белгілі. Астанаға келе алмаған аза­маттарға марапаттарын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақ­па­рат министрі Дархан Мыңбай Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыға келіп тапсырды. Мемлекеттік және қоғамдық қыз­метте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ын­тымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Суретшілер одағының, Ки­нематографистер одағының, Дизай­нерлер одағының мүшесі Әмен Хай­даровқа ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені тап­­сырылды. Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, режиссер Мұрат Ахманов пен Құрманғазы атындағы ұлттық консер­ватория оқытушысы Әділ Мұса, М.Әуе­зов атындағы академиялық драма теат­рының актрисасы Рәшида Хаджиева «Құрмет» орденімен марапатталды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медаліне Қ.Қожа­мия­ров атындағы республикалық мем­лекеттік ұйғыр театрының әншісі Тулу­най Айсарова, Суретшілер ода­ғының мүшесі, суретші-карикатурашы Еркін Нұразхан лайық деп табылды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері» атағына М.Әуезов атындағы мем­лекеттік академиялық драма теат­рының көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі Әлия Бөпежанова және актер Омар Қиқымов, Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Райхан Қалиол­дина, «Мюзикола» дуэтінің жетекшісі Болат Сыздықов ие болды. Ал «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алғандар қатарында Жексен­бек Еркімбеков, Роза Жаманова, Бибігүл Төлегенова, Сәбит Оразбаев, Болат Аюханов, Асанәлі Әші­мов, Рубен Андриасян сынды сахна майталмандары мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов болды. Сондай-ақ министр Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековке Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысхатын оқып берді. Онда: «Сіз дара қолтаңбаңызбен танылып, әдебиеттің алуан жанрында жемісті еңбек етіп келесіз. Қаламыңыздан шық­қан шымыр хикаяттар, шынайы роман және сахналық туындылар оқырмандар мен көрермендерді рухани байытты. Ұлт әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырып, қазынасын байытқан шұрайлы шығар­маларыңыз үшін сізге алғысымды біл­діремін. Мерейлі мерейтойыңыз 70 жасыңыз­­бен құттықтап, мықты денсаулық, шал­қар шабыт, отбасыңызға бақыт-бе­реке тілеймін. Алдағы уақытта да жұрт­шы­лықты тың туындылармен қуанта бе­ріңіз» делінген. Жиыннан кейін министр денсау­лығы мен жастарының ұлғайға­нына байланысты жете алмаған Әмен Хайдаров, Хабиба Елебекова, Гүлфайруз Исмаилова сынды майтал­мандардың үйлеріне барып, құттықтап қайтты. Солардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекова: «Дархан балам қа­сымда бір сағаттай отырып, жағдайымды сұрап, әңгімесін айтып, көңілімді кө­теріп кетті. Осындай жасқа келгенде ел үшін еткен еңбегімді естеріне алып, ме­ні апалауының өзі үлкен күш, жоғары мәртебе. Көсегелері көгер­сін, мені іздеген ел азаматтарына мың алғыс! Халық аман болсын, ыстық са­ғы­­нышым мен дұғай сәлемімді жолдай­мын» деп қуанышымен бөлісті. Салтанат ҚАЖЫКЕН

3094 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6004

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5606

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3345

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2728

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2691

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2667

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2400

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2385

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы