• Ақпарат
  • 26 Желтоқсан, 2012

Мемлекеттік қызметші қазақ тілін білуі тиіс

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылау бойынша алғашқы онлайн-конференция өтті. Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – бағдарламалық құжаттың негізгі ере­желерін түсіндіру бойынша баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек еліміз бойынша стратегияны жүзеге асыру жұмыстары әлдеқашан бастал­ғандығын және бұл бағытта көптеген шаралардың атқарылғандығын атады. Ауыл әкімдерін сайлау, олардың жұмысын жергілікті жерде мұқият қадағалау тетіктерін енгізу, жалпы әкімдер жұмысына мониторинг жүргізу сияқты көптеген игі бастамалар жүзеге асатынын сөз етті. Б.Байбектің айтуынша, жаңадан қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқару концепциясына сай, ауылдық жерлерде әкімдерді 2013 жылдан бастап халық сайлайтын болады. Ал әкімқараларға мемлекет тарапынан үлкен құзыр мен билік берілмек. Сосын мемлекеттік қызметтің «А корпусындағы» мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндетті болмақ. – Мемлекеттік қызметкерлердің әрқай­сысы өзінің құзыретін дәлелдеуі қажет, сонымен қатар олар қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген болуы шарт. Соның ішінде қазақ тілін білу – «А корпусындағы» жоғары құзырлы мемлекеттік қызметкерлердің барлығына қойылатын міндетті талап болып табылады, – деді Б.Байбек өз сөзінде. Ағылшын тіліне қойылатын біліктілік талаптары да болады. Ағылшын тілі бүгінде озық білім мен жаңа технологияларды таратушы ақпарат иесі. Бұған қоса Президенттің өңірлерге шетел инвестициясын тарту жөнінде берген тапсырмасы бар. Соның негізінде әкімдер жағымды инвестициялық жағдай жасап, әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша жұмыс істеу үшін ағылшын тілі қажет болады. «Біз бастапқы кезеңдерде ағылшын тілінің жоғары білімін талап етпейміз. Ауызекі деңгейде білсе де болады.  Жалпы бұл мемлекеттік қызмет сапасын көтеретін қадамдар» дейді Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Өз кезегінде баяндама жасаған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов биылғы Жолдау тарихи ұзақ мерзімді қамтыған, ұзақ межені белгілеген Жолдау екеніне тоқталды. Жолдауды насихаттау бойынша академияның ұйымдастырып жатқан алғашқы шарасы жаңа технологияларды, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, жүзеге асырылуының өзі Жолдаудың алғашқы кезеңдерден бастап, белгілі бір дайындыққа негізделгенін көрсетеді дейді. Онлайн режімінде өткен бұл конференция елдің барлық өңірлеріне таратылды. Жібек ҚУАНЫШҚЫЗЫ

3128 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6077

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5644

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3385

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2766

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2729

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2705

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2437

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2423

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы