• Ақпарат
  • 26 Желтоқсан, 2012

Жалған діннің ықпалына шырмалған...

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жастарымыз діни білім алу үшін топ-тобымен шетелге оқуға жіберілді. Дегенмен, бұл маңызды жұмыс бір жүйеге қойылмады. Сөйтіп, осы өткір мәселеге дер кезінде дұрыс мән берілмегендіктен, олардың кейбіреулері радикалды күштердің ықпалына түсіп, шетелдік діни топтардың қолшоқпарына айналып шыға келді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» екендігін қадап айтты. Жуырда Қазақстан Республи­касының Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдар атына кәмелетке толмаған екі қазақстандық жасөспірімге қатысты ресми мәлімдеме жасады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау» қорына бұл жасөспірімдерге байланысты арнайы хат жолдады. Онда Ескендір Дінмұхаммед және Әбен Әкімгереев деген балалардың Иордан Хашимиттік Корольдігінде салафиттік бағытта ілім алатын ортаға түскендігі жөнінде айтылған және оларды елімізге қайтару үшін қаражат жағынан көмек беруді сұраған. Қазір «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау» қоры жасөспірімдердің кім және қайда тұратындығы, Иордан Хашимиттік Корольдігіне қандай мақсатпен барғандығы жөнінде тиісті органдармен бірлесе отырып мәселені анықтауда. Атап айтқанда, Е.Дінмұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында, ал Ә.Әкімгереевтің ата-анасы Алматыда тұратындары анықталды. Ескендірді 9-сыныпты аяқтатпай, Әбенді 9-сыныпты тәмамдатып барып, шетелге оқуға олардың туған-туыстары алып барғаны белгілі болды. Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі Е.Дінмұхаммедтің меди­ци­налық сақтандыру картасы жоқ­тығын әрі иорданиялық визаның мерзімі әлдеқашан аяқталғанын, ал Ә.Әкімгереевтің құжаты да жоқ екенін хабарлайды. Мәселенің мән-жайын түбегейлі анықтау мақсатында қазір тиісті мемлекеттік органдар жан-жақты айналысуда. Бейресми деректерге қарағанда, Иорданияда оқып жатқан жаста­рымыздың біршамасы салафи ағы­мының ықпалына түсіп, солардың жетегінде кеткендігі жөнінде жиі айтылады. Ал бұл қазақ халқын өз рухани мәдениетінен айырып, бірнеше діни-этникалық топқа бөлуге, халқымыздың руханияты мен мәдениетін күні ертең қажетсінбеуіне әкеліп соғуы бек мүмкін. Бұған нақты мысалдар да баршылық. Сонымен бірге, бұл елде соңғы кездері саяси-әлеуметтік ахуалдың ушығып тұрғаны жасырын емес. Мұның сыртында Иорданияның көп уақыттан бері азаматтық соғыс болып жатқандықтан іші он мыңдаған босқындарға толы Сирия мемлекеттімен жақын орна­ласқанын ескерген жөн. Ал бұл Иор­даниядағы қазақстандық аза­маттардың қауіпсіздігіне тікелей әсері болуы хақ. Сондықтан бұл қауіптің алдын алу күн тәртібінде тұрған мәселе деуге толық негіз бар. Бұған дейін еліміздің арнайы органдары саяси тұрақсыздық белең алуына байланысты Египет пен Ливияда оқып жатқан жастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елге қайтарғаны белгілі. Осыларды ескере отырып және Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің өтінішіне орай «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау» қоры «Шәкірт» ислам оқу орындарының оқушылары мен түлектері» қоғамдық бірлестігімен тізе қоса отырып, бүгінде екі жасөспірімді елге қайтарудың барлық жолдарын қарастырып жатыр. «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау» қоры

2637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6107

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5659

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3400

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2781

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2744

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2720

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2452

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2438

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы