• Ақпарат
  • 04 Қаңтар, 2013

Жылан жылы жайлы бола ма?

назарбек1Өзіне тән ерекшелікке толы тағы бір жыл тарих қойнауына сіңіп кетті. Өткен жылдың даурықпа әңгімелері мен елді дүрліктірген оқиғаларын жіпке тізіп жатпай-ақ қояйық. Дегенмен, 2012 жылдың соңына қарай жер бетіне ақырзаман келеді екен деген хабарға құлақ түрмеуге болмайтындай еді. Басқаларды қайдам, осындай алып-қашпа әңгімені жақсы пайдаланған кейбір саудагерлеріміз «ақырзаманға» дайындалушылардың «кәкір-шүкірін» дайындап беріп, саудасын жүргізіп алған болатын. Еліміздің бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі әлгі дүрбелең туғызған ақпаратты жоққа шығарып, жаңалықтың жаңсақ екенін халыққа түсіндіріп баспасөз бетінде мақала жариялады. Жыл соңында болған осындай дүрлігулерден соң ұлу жылымен қоштасып, нық сенім, жаңа серпінмен жылан жылына аяқ бастық. Өзімізге сондай сенімді болсақ та көкейде «алдағы күндеріміз қалай болар екен? Қауіп-қатер, кедергілер бар ма екен?» деген сауалдар қылаң бере бастайтыны белгілі. Жыл басындағы әдет бойынша алдымызда не боларын нақты болжай алмасақ та тұспалдап, кесіп-пішіп қоятынымыз бар.  Қыс суығының алғашқы тол­қындарын өткіздік, енді алдағы күндері ауа райында болатын өзгерістер жайында бірқатар болжамшылардан сұрап білген едік. Белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов осы жылы елімізде дүрліктірерліктей оқиға болмайтындығын айтты. – Жылдың басы суық болады. Сәуір айының 5-10-ы кезінде қар борайды. Боран айдың аяғына қарай басылады. Табиғатта, тіршілікте үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Жалпы, жылан жемтігін алдап, арбап оңай ұстайды дегенді білеміз ғой. Әлдебір құбылыстар осыған байланысты болса керек. Биылғы қыс суығымен есте қалады. Көктем кеш келеді. Наурыз айында да суық болады деп күтілуде, – дейді жұлдызшы. Өкінішке қарай, әйгілі жұлдыз­шының 2013 жылға арналған болжамы толық аяқталмаған болып шықты. Бірақ осы әңгімеден білгеніміз, биылғы жыл адамға да шаруаға да жайлы болатын сыңайлы. Жұлдызшымен болған әңгіме барысында алдағы уақытта жер бетіне төнуі мүмкін қауіптер жайында да тілге тиек еттік. Ол ғаламда болатын өзгерістер, жер кіндіндегі қандай да бір ауытқулар жайындағы ақпарат шындыққа жанасқанымен, алдағы 20-30 жыл ішінде ешқандай қауіп-қатер жоқ екендігін айтты. Осы жылы ауа-райында болатын өзгерістер жайында мәлімет алу үшін «Казгидромет» орталығының қызметкерлерімен де хабарластық. Сұрақтарға байыппен жауап берген Жанат Сатыбалдиева қаңтар, ақпан айларында қар қалың түсетіндігін айтты. «Бұл айларда аяз қатты болады деп күтілуде. Қаңтар айы суық болады. Осы айдың бірінші он күндігінің, сосын екінші он күндігінің соңына қарай суық болмақ. Ауаның температурасы солтүстік өңірлерде 30-40 градусқа дейін төмендейді. Бұл суық оңтүстік өңірлерге де әсер етеді. Қаңтар айында қар мол түседі. Соған байланысты көктем де кеш келеді. Көктем жауын-жашынды болады деп күтілуде» деді. Ауа райының өзгерістері жайындағы келесі әңгімеміз Астрофизика институтының инженері Бекдәулет Шүкірғалиевпен жалғасты. Әңгіме үстінде ғаламдық өзгерістер туралы сұрағымызды да жасырып қалмадық. «Аспан денелерін зерттеп, осы ғылыммен түбегейлі айналысқаныма біраз жыл болды. Бірақ осы уақытқа дейін аспан денелерінің әртүрлі құбылуы табиғатқа қандай да бір әсер еткенін байқамадым. Жерге астеройд жақындап келеді, соған байланыс­ты әлемде талай құбылыстар орын алуы мүмкін деген алыпқашпа әңгіме бәзбіреулердің жай әңгімесі болса керек. Жерге тікелей әсер ететін күн десек, ол қазіргі кезде белсенді көрініп тұр. Жердегі күннің сууы, айдың тууы деген сияқты құбылыстар мезгілімен, кезектесіп келіп отыратын әдеттегі дүниелер ғой. 2013 жылы елең еткізерліктей ерекше жағдайды әзірге бай­қамадық. Біздің күніміз әлі 4 млрд. жыл өмір сүретіні белгілі. Сондықтан алдағы 4 млрд. жылда қауіп-қатер күтпей-ақ қояйық» дейді Бекдәулет Темірболатұлы. Исатай ҚОРҒАНБАЕВ

3372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6042

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5627

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3366

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2748

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2712

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2688

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2420

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2405

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы