• Ақпарат
  • 04 Қаңтар, 2013

Баспа ісіне қатысты сөздік

 «Мектеп» баспасынан профессор Жұмаділда Бәзіловтың «Баспа, полиграфия және іс жүргізу терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі жарық көрді. Аталмыш сөздікте баспа, полиграфия және іс жүргізу саласына қатысты он төрт мыңнан астам сөз түсініктемесімен беріліп отыр.   Автор сөздіктің алғы сөзінде атап өткендей, бүгіндегі келелі міндеттердің бірі тілімізді қазіргі талапқа сай қайта жүйелеп кемелдендіру болып отыр. «Осыған орай, ғылым, мәдениет және халық шаруашылығы салаларының барлығын қамтитын сөздік қорымызды күн сайын дерлік жаңа сөздер, атаулар, ұғымдар толықтырып, мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің қолданылу аясы күрт кеңейген бүгінгі таңда салалық ғылыми түсіндірме сөздіктер және орысша-қазақша сөздіктер кім-кімге де керек-ақ. Осындай уақыт талабын ескере отырып, құрастырылған бұл сөздікте бас­па, полиграфия, іс жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдарына, осы салаларға қатысты заңдарға, басқа да қажетті құжаттарға қатысы бар терминдер, атаулар мен ұғымдар ұсынылып отыр. Әртүрлі сөздіктерде бұрыннан қалыптасқан белгілі терминдердің өзі түрліше берілген. Оның үстіне, қазір ғалымдар арасында екі түрлі пікір белең алып тұрғаны белгілі. Бірі термин атаулының бәрін өз тілімізге аударып алу болса, екіншісі – «термин деген тәржімеге көнбейтін халықаралық болып кеткен сөздер, сондықтан оларды өзгеріссіз қабылдау керек» деген пікір. Осы екі көзқарастың арасынан дұрыс жол табу көзделді. Әр терминге өз тілімізден терезесі тең балама табу, қиюы келмейтін реттерде халықаралық қолданыстағы сөздерді тіліміздің ішкі заңдылықтарына өлшемдестіріп алу басты бағдар, негізгі арқау болды» деп жазады. Осы орайда Жұмаділда Бәзілов туралы бірер сөз айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Ол Қазақстанда баспа және полиграфия ісінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ұстаз-ғалым. 1971 жылы Мәскеу Полиграфия институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, «Кітап» бірлестігіне жолдама алып, шебер технолог, цех бастығы, бірлестік бас директорының орынбасары болды. 1976 жылы қазіргі №5 лицейдің директоры болып тағайындалып, осы мекемені 33 жыл басқарды. 100-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жалпы техника және полиграфия» терминологиялық сөздігін жасауға қатысқан. «Основы полиграфического производства», «Полиграфия өндірісінің негіздері», «Автоматизация полиграфического производства» оқулықтарын және «Басудан кейінгі процестер технологиясы» атты оқу құралын, жоғары оқу орындарына арналған көптеген оқу-әдістемелік кешендерін дайындады. Еңбегі Үкімет тарапынан лайықты бағаланып «Еңбек ардагері» және «Айрықша еңбегі үшін» медальдарымен, «Қазақ КСР кәсіби техникалық білім беру үздігі», «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» белгілерімен, 2008 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және басқа көптеген әртүрлі деңгейдегі мақтау қағаздарымен аталып өтілді. Жұмаділда Бәзіловтің кезекті кітабы еліміздің жоғары және орта білім беретін оқу орындарының студенттеріне, ұстаздарға, жалпы оқырман қауымға арналған. Дәуіржан Төлебаев

3253 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6769

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5998

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3736

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3125

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3082

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3059

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2787

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2772

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы