• Ақпарат
  • 04 Қаңтар, 2013

Соңғы сапарға шығарып салды

Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы ғимаратында әуе апатынан қаза болған Қазақстанның шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарған полковник Тұрғанбек Стамбеков пен оның жары Сәуле Стамбекованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Полковник Тұрғанбек Стамбековты жер қойнына тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасының ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, әскери қызметшілер және шекара қызметінің ардагерлері қатысты.  «25 желтоқсанда қайғылы апат орын алды. 27 ­дайын офицердің мезгілсіз қазасы бүкіл қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Полковник Стамбеков темірдей тәртіппен, терең білімімен ерекшеленген тұлға болатын. Ол зас­тава басшылығынан ірі аумақтық құрылым басшылығына дейін абыроймен жетті. Елбасының Стамбековке шекара қызметі басшылығын тапсыруы оның білімі мен біліктілігіне деген сенімінің айғағы еді. Стамбеков еліміздің «Шекара қызметі туралы» Заңын қабылдауға белсене атсалысты. Қызметке келген уақытынан бастап жаңа заставалар ашып, көптеген игі істер атқарды. Өмірлік серігі Сәуле Стамбекова да онымен бірге ажал құшты. Біз олардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз» деді Қазақстан Республикасының ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев. Қазақстан Республикасының ҰҚК басшысы қаза болған полковниктің және басқа да әскери қызметкерлердің туған-туыстары, балалары мемлекет қолдауынан қол үзбейтінін мәлімдеді. Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25-ші желтоқсанын­да Шымкент қала­сынан 20 шақырым жерде Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің ведомстволық «Ан-72» ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ бортында болған 27 адам қаза болды. Қазіргі таңда олардың денесі анықталып, барлығы жерленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты 27 желтоқсан 2012 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні болып жария­ланды. 30 желтоқсан 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы ұшақ апатынан қаза болған шекарашылардың жиырма бірін соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне Парламенттің Сенат және Мәжіліс депутаттары, үкімет мүшелері, жергілікті билік пен барлық құқық қорғау құрылымдарының өкілдері және қаза болғандардың ағайын-туыстары қатысты. Азалы жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, Үкімет басшысының орынбасары Қырымбек Көшербаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәулен Әшімбаев, Ұласбек Сәдібеков және шекара қызметінің ардагерлері сөз сөйледі. Шекарашыларды ақтық сапарға шығарып салуға байланысты ұйымдастырылған рәсімге 10 мыңнан аса адам қатысып, марқұмдармен қоштасты. С.ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

3351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6743

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5984

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3723

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3113

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3068

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3045

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2774

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2759

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы