• Ақпарат
  • 10 Қаңтар, 2013

Кадр – жауапты тұлға

Елбасының көрсеткен жаңа саяси бағыты оның кемеңгер стратег, үздік мемлекеттік қайраткер екенін көрсетеді. Жолдауда қазіргі жылдам өзгеріп отыратын жаһандық сын-қатерге жан-жақты талдау жасалған. Президент осылардың барлығына мән бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті, демократия мен ұлт бірлігін одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті. Ол Парламенттің өкілеті мен рөлін күшейту, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту, сот билігінің беделін арттыру сынды мәселелерге ерекше мән берді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын нығайту және жетілдіру де маңызды боп табылады.Күшті экономика мемлекеттің ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Президент келешекте индустрияландыру, «жасыл» экономиканы дамыту, АӨК, кәсіпкерлік, сапалы білім және денсаулық сақтау мәселелері жайында тектен-текке айтқан жоқ. Осы мәселелердің шешім табуына көп жағдайда Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі ықпал ететін болады. Біздің еліміз КО мен БЭК аясындағы ықпалдастықты жетілдіре бермек, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтық құрылуына ықпал етеді. Өзіміз көріп отырғандай, жаңа саяси бағыт Қазақстанның дамуы мен нығаюының жаңа кезеңі мен мүмкіндіктерін айқындайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында кадр саясаты жайлы сөз қозғап, жаңа экономикалық саясат кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс екендігін айтты. Ол үшін басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз және бұған бізде резервтер бар. Елбасы өз сөзінде аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарын тартып, сонымен қатар үздік шетел мамандарын жұмысқа шақыру керектігін айтты. Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар кадрларды пайдалану арқылы менеджментті жаңғыртып қана қоймай өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Елбасының 2030 Стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Енді алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына кіруде аянбай еңбек етеміз. Раушангүл Авакова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті түркітану және үндітану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, ­про­фессор

2965 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5890

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5531

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3268

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2653

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2614

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2591

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2325

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2308

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы