• Тарих
  • 07 Ақпан, 2013

Сыры терең Сауран

Орта ғасырдағы Сауран қаласы қазақ елінің әлеуметтік-саяси, шаруашылық-этникалық және мәдени дамуының орталығы болғаны белгілі. Отырар, Түркістан, Сайрам, Сауран секілді ортағасырлық қалалардың қазақ тарихында алатын орны ерекше. Солардың арасында жалғыз қала – Сауранның ғана қабырғаларының сұлбалары сақталған. Сырдарияның ортаңғы ағысында орналасқан Сауранның қираған орны Қазақ тарихының талай құпия сырларын бауырына басып жатқан жабық мұрағат секілді. Бізге қаланың тарихы мен мәдениеті, оның халықтар тағдырында атқарған орны жайлы жазба мәліметтер мардымсыз, археологиялық тұрғыдан жан-жақты зерделенбеген қиранды төбелер күйінде жетіп отыр. Ортағасырлық Сауран қаласының тарихынан сыр шертетін мәліметтер араб-парсы және орыс деректерінде, сонымен қатар қазақ халқының дас­тандарында, т.б. кездеседі. Оңтүстіктегі екі облыстың шекаралары бөлінер бөлікте орналасқан бұл ортағасырлық шаһар Шымкент-Самара тасжолының бойымен бара жатқанда, Жаңақорған ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырымдай жерде, жолдың оң қапталынан менмұндалап көрінеді. Үлкен аймақтың рухани және саяси орталық ретіндегі дамуы мен даңқын жаңғыртқан Сауран, сол кездегі үлкен қалалар Түркістан мен Отырарға иық теңестіретін, тіпті олардан да артық сәулетті қала болған. Сауран қаласы жайлы алғашқы деректер Х ғасырдағы араб саяхат­шыларының жазбаларында кездеседі. Демек, бұл қала көп ғасыр бұрын тарихшылардың айтуынша, VІ ғасырда пайда болғандығын аңғартады. Х ғасырда өмір сүрген арабтың географ-ғалымы Мақсиди әл-Муттахар Тахир жиырма екі тараудан тұратын «Дүниенің басталуы мен тарихы» деген еңбегінде «Сауран (Савран, Саб­ран) бірінен соң бірі, жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның ішінде күмбезді сарай, мешіт бар...» деп сипаттаса, араб саяхатшысы Ибн-Хаукал: «мұнда ғұздар уақытша бітім, бейбітшілік кездерде сауда келісімдерін жүргізуге жиналған, ол бекіністі қала» деп жазған. Шайбани ханның тұсында Сауран өркендеудің ең биік шыңына жетті. Осы кезеңде Сауран бүгінгі Қазақстан аумағындағы ең үлкен қала болыпты. Оның аумағы 44 гектар жерді алған. Тарихшылардың есептеуінше, мұнда ең кемі 11 мың адам тұрған. Сол тұста Түркістанның аумағы 35 гектар болса, Отырар 20 гектар аумақты жайлаған. Сауран қаласына көңіл бөлген зерттеушілердің қай-қайсысы да шайқалмалы мұнаралары бар медресені басты назарда ұстаған. Олар үшін бірінші кезектегі мәселе – осы медресенің орнын анықтау болған. Академик К.М.Байпақов шайқалмалы мұнаралары бар медресе орнын қаланың бас көшесі алаңға келіп тірелетін жерде деп көрсеткен болатын. Оның жорамалын анықтау үшін қала алаңының солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан төбеде қазба жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл қалада тәжіктің ақын-жазушысы Зайнаддин Васифи ХV ғасырда тұрып, Сауран жөніндегі мемуарын жазады. Кезінде Сауран қаласында атақты Бұқар жырау да болған. Ол Сауран қаласының сыртқы жауларымен шайқасқан ерен ерліктерін өз көзімен көріп, соны баян­дайтын «Тас қамал» деп аталатын дастан жазды. Қазіргі кезде Сауран қаласының құлаған қабырғалары мен мұнаралары қалған. Қорған ішінде уатылған кірпіштер мен сынған шыны, түрлі-түсті әшекейлі қыш ыдыстардың үгінділері жатыр. Сауран қаласы Қазақ КСР Министр­лер Кеңесінің 1982 жылғы 26-қаң­тардағы қаулысымен республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіші ретінде есепке алынған. Ермек ӘБДІКӘРІМ Қызылорда

10390 рет

көрсетілді

14

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5816

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5483

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3221

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2607

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2568

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2547

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2280

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2262

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы