• Білім және ғылым
  • 07 Ақпан, 2013

Мәуліт мерекесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әз пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) дүниеге келген айына орай, жылдағы дәстүр бойынша, Мәуліт салтанатын ұйымдастырды. Игі шара Алматыдағы Республика сарайында өтті. Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, сәлемдер жолданды. Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет «Ең ардақты тұлға» тақырыбында уағыз айтты, халықты мерейлі мерекемен құттықтады, бата беріп, дұға жасады.  Белгілі ақын Бекарыс Шойбеков арнау айтып, пайғамбар (с.ғ.с.) даналығын паш етті. 9 жасында Алаш жұртына танымал болған жас ақын ­Жамбыл Дүйсенов өзі шығарған «Адамзаттың абзалы» атты өлеңін тебіреніспен оқығанда, жиналған жұрт үлкен әсерге бөленіп, «Алла тіл-көзден сақтасын» десті. Қарағандылық ақындар – Айтбай Жұмағұлов пен Дидар Қалиевтердің рухани айтысы да салтанаттың көркін қыздырды. Ұтымды ұйқастары да пайғамбар өсиетімен үндесіп, өзінше қабысып жатты. Ат сүрінгенше сөз тапқан мұсылман қазақ үшін айтыс өнерінің жөні бөлек. Талантты ақындардың ғибратты өлеңдеріне тәнті болған жұрт алғыстарын жаудырды. Сахна төріне шыққан танымал «Жігіттер» тобының орындауындағы «Жетімдер» әні көпшілікке көп ой салғаны анық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Балғабек Мырзаев билет сатудан түскен қаржыны №1 қалалық сәбилер үйінің басшысы Жазира Ембердиеваға, №2 қалалық сәбилер үйінің басшысы Ләтипа Қожамқұловаға табыстады. Осылайша пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті орындалып, халық сауапты іске мұрындық болған Дінбасы мен діни басқарма қызметшілеріне ризашылықтарын жеткізді. Академик Сұлтан Сартаевтың имандылық жолда жүрудің артықшылығы туралы айтқан сөздері мен пайғамбар жайлы тұщымды ойлары көпшілікке жақсы әсер қалдырды. Дінтанушы Мұхитдин Исаұлының «Пайғамбарға сағыныш» тақырыбында айтқан үгіт-насихатын, уағызын көрермендер ұйып тыңдады. Белгілі әншілер – Роза Әлқожа, Сержанәлі Әлібек, Нұрғанат Рахметов, қырғыздың танымал өнер қайраткері Эмил Балтағұловтардың шырқаған иләһи әндері халықтың құлақ құрышын қандырып қана қоймай, жұрттың жүрегіне имандылық дәнін септі. Халық артисі Ескендір Хасанғалиев те діни әннен шашу шашты. Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы

17958 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5875

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5521

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3258

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2642

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2603

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2581

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2315

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2298

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы