• Ақпарат
  • 07 Ақпан, 2013

Зейнетақы қоры пайдалы ма?

Баршаға мәлім, 1998 жылы елімізде зейнетақы қорлары құрыла бастады. Реформа жасаушылар мұны «дүниежүзі елдерінде болмаған игілігі аса зор жаңалық» деп жар салып, енді адамдар қартайғанда алаңсыз ғұмыр кешеді дегендей насихатты үдетумен болды. Мұның мәнісі әр азаматтың ай сайын табысының 10 пайызы міндетті түрде зейнетақы қорларына аударылатын болып халықты мәжбүрлеуге сайды. Мұндай жағдайда салымшылар саны жылдан-жылға арта беретінін түсіну қиын болмас. Сөйтіп, зейнетақы қорларында 1998 жылдан бері салымшылар саны 8 млн. адамға, жиналған қаржы 17 миллиард долларға жетіпті.  Жә, мұның соңы қандай болмақ? Соған ой жіберіп көрелікші. Егер сіздің табысыңыз айына 200-300 мың теңге болса, 20-30 жылдан кейін зейнетке шыққанда зейнетақы қорында миллиондаған теңге жинақталып, қартайғанда алаңсыз ғұмыр кешуіңіз әбден мүмкін. Ал егер сіздің айлығыңыз 50 мың теңгеден аспаса, оның 10 пайызы – 5 мың теңгені ай сайын зейнетақы қорына аударғанда, айтарлықтай қаржы қоры жинақтала қоймайтынын есептеу қиын болмас. Тіпті айлығы 20-30 мың теңге болатындай азаматтар ше? Ал бұлардың зейнетақы қорында жинақталған қаржысы зейнетке шыққаннан кейін 4-5 жылға әзер жетуі де мүмкін. Сонда бұлар қартайғанда қалай өмір сүреді, оларды кім асырайды? Бұлай дейтініміз, зейнетақы қорлары туралы заңдарда 1998 жылға дейінгі еңбек еткен азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақы алатын болса, ал 1998 жылдан кейін еңбекке араласқандар мемлекеттен көк тиын зейнетақы алмайтыны нақты көрсетілген. Демек, 1998 жылдан кейін зейнетке шыққандар зейнетақы қорынан өзге ешқандай қаржымен қамтамасыз етілмейді. Ал жұмыссыздар, жас балалы аналар, күнкөрісі төмендер, халықтың 40-50 пайызын құрап отырған ауыл адамдары 1998 жылдан кейін мемлекеттен зейнетақы алмаса, қартайғанда қалай өмір кешпек? Мұндай сауалға жауап іздестірсек, еліміздегі зейнетақы жүйесі зардапты екенін аңғару қиын болмас. Ал қазір 50-100 мың теңге табыс тауып жүргендер үшін зейнетақы қорына ай сайын аударылатын 5-10 мың теңге алдағы 20-30 жылда ондаған есе құнсызданып кететінін де болжау қиын емес. Демек, мұндай қаржы болашақта емес, дәл бүгін қажет емес пе? Осындай оралымсыздықтарды аңғарса керек, Елбасымыз Жолдауында зейнетақы жүйесін өзгерту жөнінде ұсыныстар жасауды Ұлттық банк пен Үкіметке тапсырды. Шынында да, зейнетақы қорла­рында жинақталған осыншама қаржы ел экономикасына да, азаматтардың өздеріне де ешқандай пайда әкеліп жатқан жоқ. Демек, бұл жүйе игілігі жоқ, зардапты тәсіл десек жаңсақ айтқандық болмас. Бұл тәсіл бүкіл әлемде Чилиде ғана пайда болған екен. Мұндай жүйені әлемде ешбір ел қолданған емес. Былтыр Ресейде зейнетақы жүйесін реформалау жолдары мықтап қарастырылғанда елдің саясаткерлері, қаржыгерлері, депутаттары бұл мәселені жиі-жиі талқылағаны ақпарат құралдарында айтылып жүрді. Олар Польшаның үлгісін, Франция үлгісін тілге тиек еткенін естіп қаламыз. Ал Чилидің де, Қазақстанның да үлгісін олардың ешқайсысы ауызға алған емес. Неге? Өйткені біздегі зейнетақы жүйесі мүлде тиімсіз. Сондықтан қазір еліміздегі барлық зейнетақы қорларын біріктіру жөнінде ұсыныс жасалды. «Қосылғыштардың орындарын өзгерткенмен қосынды өзгермейді» ғой. Демек, зейнетақы жүйесін жойып, ондағы қаржыны мемлекет бюджетіне аударып, салымшылар зейнетке шыққан кезеңде мемлекеттік зейнетақы көлеміндей етіп қайтарып отырса, қоры түгесілген соң зейнета­қы тағайындайтындай шара алынса мұ­ның өзі мемлекетіміз үшін де, хал­қымыз үшін де игілікті іс болар еді. Қуанбек Боқаев

2964 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5900

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5538

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3276

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2660

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2621

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2598

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2332

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2315

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы