• Ақпарат
  • 07 Ақпан, 2013

Келелі мәселелер қамтылған кеңес

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ағымдағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Премьер-министр Серік ­Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты. Басқосуда банк секторының, зейнетақы реформасының жай-күйі және мұнай-газ саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген және «Қазақстан – 2050» Стратегиясында қарастырылған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев банк жүйесіндегі сыртқы қарыздарды төмендету жөнінде бірқатар шара қабылданғанын және бұл үдерісті жалғастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Президенті зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін айтып, мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бұдан кейінгі қадамдарды анықтау керектігіне тоқталды. Кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ө.Шөкеев қайта құрылымдау жүргізудің және өзге іс-шаралардың нәтижесінде «БТА Банк» АҚ-ның сыртқы қарызы 9 миллиард доллардан 750 миллион долларға дейін қысқарғанын, қаржы институттарын басқарудың жаңа жүйесі құрылғанын атап өтті. Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған жұмыс бағыттары аясында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

2342 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6085

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5647

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3388

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2769

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2732

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2708

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2440

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2426

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы