• Ақпарат
  • 21 Ақпан, 2013

Дін – татулық тірегі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Кездесуге Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров, сондай-ақ облыстардағы өкіл имамдар қатысты. Елбасы өз сөзінде бұл кездесу еліміздегі барлық мұсылман­дар үшін елеулі оқиғамен қатар келіп отырғандығын, Қазақ­стан мұсылмандары діни бас­қар­масының жаңа төрағасы сай­ланғанын айта келіп, алдағы уа­қытта оның жемісті еңбек ете­тіндігіне сенім білдірді. Ержан Маямеров әлемдегі ең танымал ислам оқу орында­рының бірі – Египеттегі әл-Азһар университетін бітірген. Діни басқарманың аймақтық құрылы­мын басқарған. Тәжірибесі де мол. Елбасы ислам діні сан ғасырлардан бері халқымыздың рухани құндылығы екенін атап айтты. «Тәуелсіздігімізбен бірге ата дінімізді қайта оралттық. Діни басқарма 2228 мешіттің басын қосып, мұсылмандарды ұйыстырушы орталыққа айналды. Халқымызды ортақ рухани құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне топтастыруға ұйытқы болды. Бүгінде қоғам, әсіресе жастар дінге бет бұруда. Исламды ұстануды сәнге айналдырмау керектігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу керек» деді Мемлекет басшысы. Содан соң Елбасы Діни бас­қарманың атқаратын міндет­теріне тоқталды. Алдағы уақытта Діни басқарма мен мемлекеттік органдар арасындағы рухани-ағартушылықты, сонымен қатар әлеуметтік саладағы ынты­мақ­тастықты нығайтуға күш салу керектігін айтты. Елбасының ай­туын­ша Дін істері агенттігінің көмегімен діни конфессиялар тол­ғағы жеткен мәселелерді мемлекетпен бірлесе отырып шешуі керек. Агенттіктің өзі діни ахуалға мониторинг жасау жөнінде бір­қатар жұмыс жүргізді. Бірақ мемлекет діни бірлестіктердің қыз­метіне араласпайды. Конституцияны, заңды сақтау, ел бірлігін ны­ғайту төңірегінде қандай да бір мәселелер туындап жатса, араға ешқандай жік түспеуі керек. «Баршаңыз білесіздер, бүгінде әртүрлі діни ағымдар пайда болды. Мешіт қызметшілері түрлі теріс ағымдардың қандай екенін, ал исламдағы дәстүрлі бағыттың қайсы екенін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білулері керек» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы қоғамдағы түйткілді мәселелерге қатысты пәтуалар шығарып отыру ке­ректігін атады. Еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мо­йын­далған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болғандықтан бұл істі, әрине, шариғат заңдары негізінде орындау керектігін еске салды. Діни қатынастарды реттейтін заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи бағытын мойындайтыны атап көрсетілген. «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығай­туға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Конституция ке­пілдік береді» деді Елбасы. Содан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа басшылығы өзге діни бірлестіктермен байланыс орнатып, өзара түсіністік, тағаттылық, төзімділік дәстүр­лерін қалыптастыру керек­тігін, этносаралық және конфес­сияаралық келісімді нығайту керектігін атап өтті. Елбасы Діни басқарма өкілдерінің тек дін бойынша емес, өзге де салалар бойынша білімдерін тереңдетулері тиіс екендігіне назар аударды. Дін қызметкерлері халыққа ел игі­лігі үшін жұмыс істеудің мәнін ұғындыру керек. Исатай ҚОРҒАНБАЕВ

5145 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7200

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6197

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3937

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3328

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3286

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3255

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2983

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2971

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы