• Ақпарат
  • 21 Ақпан, 2013

«Бәйшешек» бүр жарды

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Бәйшешек» әдеби бірлестігі тұңғыш студенттік жинақтың тұсаукесер рәсімін өткізді. Шараның ашылу салтанатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорының кеңесшісі Ұлықпан Сыдықов әдебиет саласында қалам тербеп жүрген жастарға сәттілік тіледі. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қасымхан Бегманов аталмыш университетте талантты студенттердің жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин ҚазҰТУ-дың «Бәйшешек» бүр жарды жастары Серіктестікке қарасты газет-журналдарды үнемі жаздыртып оқитындығын айта келіп, тұсауы кесіліп отырған альманах жастардың рухани азығы бола алатындығын айтты. Сонымен қоса ол кеш барысында «Бәйшешек» альманағының тұсауын кесті. «Үркер» журналының бас редакторы, белгілі жазушы Қуандық Түменбай биыл журналдың бесжылдық мерейтойы болатындығын, мерейтойлық нөмірде ҚазҰТУ-да оқып жүрген дарынды студенттердің шығармалары жарияланатындығын айтып өтті. Кеш барысында студенттер Бауыржан Әділбай, Сайрангүл Даханқызы, Асхат Сыдық өздерінің өлеңдерін оқыды. Ал аталмыш оқу орнының 4-курс студенті Назерке Жұмабаева кеш қонақтарына арнап ән шырқады. Поэзия және проза жанрларын қамтыған «Бәйшешек» атты жинақта жастардың шалқар шабыты, жүрек лүпілі, туған жерге, елге деген шексіз сүйіспеншілігі, жастық жалындары мен пәк махаббаттары көрініс тапқан. Өздерінің шығармашылықтарын шыңдап, қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділов пен осы идеяны ұсынған Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Гүлнәр Сәрсенбековаға жастар дән риза. Нұрлан ҚҰМАР

3133 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6756

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5990

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3729

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3118

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3073

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3051

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2780

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2765

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы