• Ақпарат
  • 14 Наурыз, 2013

Аңыз бен шындық

Алматы қаласындағы «Достық» үйінде драматург, жазушы, әдебиет зерттеушісі, эссеист Ермек Аманшаевтың «Аңызды аңсау» және «В поисках мифа» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге А.Әшімов, Н.Ықтымбаев, Н.Анастасьев, Д.Исабеков, М.Әуезов, С.Елубай, У.Қалижан, Ұ.Есдәулет, Ж.Кенжалин және т.б. елге белгілі зиялы қауым, ақын-жазушылар, кино және драматургия саласының майталмандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, автор шығармашылығы жөнінде өзара пікір алмасты. Аңыз бен шындық Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Төлен Әбдікұлының алғысөзімен Астана қаласының «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген «Аңызды аңсау» кітабы «Әдебиеттану, мәде­ниеттану», «Драматургия», «Проза» сияқты бөлімдерге бөлініп берілген. Дарынды автор­дың бұл жинағына енген, әр жылдары жазылған шығармаларында тың тақырыптық ізде­ністер мен философиялық тұжырымдамалар, мифо­поэтикалық астарлы мағыналар, көркем бояулар мол. Кітаптың тілі жатық, жеңіл оқылады. Жазушының басты міндеті – өмір шын­дығын барынша шынайы көрсету. Қоғамдағы келеңсіздіктер мен қайшылықтарды атын атап, түсін түстеп, дәлелмен, дәйекпен көрсету негізінен публицистика жанрына тән. Ал көркем әдебиетте образдар арқылы, кейіпкердің жан дүниесі арқылы ашылады. Бұл тек қана шеберлікті емес, белгілі бір дәрежеде азаматтық батылдықты да талап етеді. Автордың «Үзілген бесік жыры» деген драмалық шығармасында «Ол» деген кейіпкер арқылы жалпыға ортақ тағдырды суреттейді. Бүгінгі заманның толып жатқан проблемалары – жұмыссыздық, кедейлік, қорғансыздық, баспанасыздық, адамдардың бір-біріне деген мейірімсіздігі, алаяқтар мен жағымпаздардың үстемдігі – кім-кімді де толғантып жүргені белгілі. Міне, осындай өзекті мәселелер кейіпкерлердің әңгімесі арқылы шығармада көрініс табады. Ал көрнекті ресейлік жазушы Анатолий Кимнің алғысөзімен орыс тілінде Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Художественная литература» баспасынан жарық көрген «В поисках мифа» атты кітабына лирикалық новеллалар, әңгімелер, терең астарлы философиялық эсселер, стилистикасы заманауи драматургиялық еңбектері енгізілген. Автордың өзіндік ойы, көркемдік танымы, тарихи және қазіргі заман оқиғаларына таптаурындықтан ада үн қатуы олардың басын бір желіге біріктіріп тұрады. Мысалы, «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем» пьесасының түп негізіне «Мың бір түннің» белгілі ертегісі алынған. Автор шығыстық әңгімелеу әдіс-тәсілін сақтай отырып, өз пьесасына қазіргі күннің әлеуметтік сұранысы үдесінде салмақ жүктейді. Жазушы авторлық ой тастау арқылы оқырманның өзін пайым жасауға жетелейтін, объектендіру тәсілдерін жақсы меңгерген. Бұл ретте оқырман өзін-өзі сырттай бақылағандай әсерге бөленеді. Жұртшылыққа танымал болған, еліміздің сахналарында қойылып, жылы қабылданған «Балкон» пьесасының кейіпкерлері – білімді, табысқа жеткен жандар, өмірдегі орнын тапса да, кездейсоқ кездесулердің шынайы бағасын түсіне бермейді. Айталық, кейіпкер әйел балконда «басқа», «бөтен» лайықты адамды жолықтырса да, жан сезім егіздігін сезінбейді, сондықтан да қосамжар әлемде қатар өрбіп, өз тіршілігін жалқы жалғастыра береді. Автордың «Аңызды аңсау» кітабын Қазақ­станның халық артисі Асанәлі Әшімов: «Мен Ермектің «Сұлтан болсам егер мен» пьесасын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық драма театрында және Шымкент қаласының театрында қойдым. Оның пьесалары М.Әуезов театрында қойылып жатқан пьесалардың алды деп есептеймін. Бұл кітабы оқырмандарға көп ой салатын ғылыми еңбек» деп бағаласа, белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков: «Қазір кітаптың құны кеткен заман. Жазушы да, жазылып жатқан кітап та көп. Алайда, сын жоқ. Оқырмандар адасып жүр. Ермектің кітабын оң бағыттағы кітап деп санауға болады» деген пікірін білдірді. Белгілі қаламгер Ермек Аманшаевтың жаңа туындылары өз оқырманын тауып, оқырман ықыласына бөленері хақ. Бағдагүл Балаубаева

4193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6160

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5686

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3427

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2808

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2772

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2749

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2480

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2465

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы