• Әдебиет
  • 09 Қаңтар, 2014

Аңыз бен адам

«М.О.Әуезовтің мұражай-үйі» ғылыми-мәдени орталығында белгілі ақын әрі жазушы Мір Шайыр – Мырзағали Іңірбаевтың «Періштенің сыбыры» романының тұсаукесері болып өтті. Оны М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүше – корреспонденті  Уәлихан Қалижанов ашып, жүргізіп отырды. Ол адамның адам үшін, қоғам үшін өмір сүре білуі сынды ұлы идеяны жалау еткен шығарманың  көркемдік, құрылымдық, мағлұматтық ерекшеліктеріне назар аударды.  Кітаптың тұсауын Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Қабдеш Жұмаділов қиды. Ол өз сөзінде Мір Шайыр шығармашылығын жоғары бағалап, автордың бұдан бұрын жарық көрген «О, Данышпан Дүние!..» трилогиясындағы елдік мүддені, рухани біртұтастықты көздеген сарын жаңа туындысында да қамтылғанын атап өтті. Жазушының жаңа шығармасы туралы филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш баяндама жасады. Кітап авторы туралы, Қашаған сынды ұлы ақындар мен ойшылдарды, күйшілер мен сазгерлерді, суретшілерді, таңғажайып қасиет иелерін дүниеге әкелген тау қуысындағы жасыл желек оранған мың бұлақты кішкентай ғана Шайыр ауылы туралы жазушының ауылдасы, қазақтың әйгілі желаяғы, 1964 жылғы Токио Олимпиадасының жүлдегері Әмин Тұяқов әңгімеледі. Профессор Жұмат Тілепов, жазушы Заря Жұманова, қаламгер Нұрперзент Домбай, кинорежиссер Сергей Әзімов, Маңғыстау әкімдігінен арнайы қатысқан Аманғали Шамшадин пікірлерін ортаға салды. Романдағы Таман бейнесінің прототипі, ұлтымыздың мақтаныш етер ұлдарының бірі Төкен Танаұлы Жұмағұлов сөз сөйлеп, өз атына айтылған жылы лебіздерге ризашылығын білдірді. Сәндина БЕЙСЕН

4764 рет

көрсетілді

129

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы