• Әдебиет
  • 27 Ақпан, 2014

Әріптестік байланыс нығая түспек

Бәсекеге қабілеттілік – бүгінгі бі­лім жүйесінің басты талабы. Ал саяси-эко­номикалық, мәдени, ғылыми қа­рым-қатынас өзге елдермен бәсекеге қабілетті болуды міндеттейді. Осы орай­да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті мем­лекеттік тіл кафедрасының да жинақ­таған өзін­дік тәжірибесі мол. Академиялық ұтқыр­лық­ты дамыту аясында кафедраның оқытушы-профессорлары А.Салқынбай мен Ғ.Иманалиева АҚШ-тың Висконсе штатындағы Медисон университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтуде. Халықаралық байланыстар шеңбе­рінде Түркияның Гази университе­тінің ғалымдарымен әріптестік тәжірибе алмасулар орнаған. Мәселен, филология факультетінің 10 студенті биылғы оқу жылының екінші кезеңін аталмыш уни­верситетте жалғастырса, Гази уни­верситетінің 4 студенті ҚазҰУ-дің филология факультетіне оқуға келді. Келешекте мұндай әріптестік «Мевлана» ха­лықаралық білім беру бағдарламасы бойынша жалғасын таппақ. Бір айта кетерлігі, шетелдік профессорлардың Қазақ ұлттық университетінің мемлекеттік тіл кафед­расымен тәжірибе алмасуы жоспарлы түрде жүзеге асырылып отыр. АҚШ-тың Висконсе штатындағы Медисон университетінің профессорлары да түркі тілдері төңірегінде пікір алмасып қана қой­май, қазақ тілін меңгеруге ынта біл­діруде. 2013 жылдың желтоқсан айында аталған университеттің профессоры Фунда Дерин «Түркі тілдерін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесі» деген тақырыпта семинар өткізіп, қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасында «Мұсылман әдебиеті» деген тақырыпта 40 академиялық сағат дәріс оқыды. Дәріс нәтижесі бойынша тыңдаушыларға сертификат берілді. Ал Түркияның Гази университетінен келген профессор Наджие Йылдыз тілді үйретудің әлемдік әдістемесі негізінде семинар өткізді. «Жеті жұрттың тілін біл...» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, Еуропа елдерінің іс-тәжірибесімен танысу кәсіби біліктіліктің ұштала түсуіне жол ашады. Білім саласындағы осындай ілкімді әріптестік байланыс екі мемлекеттің ара­сындағы өзара ықпалдастықтың ны­ғаюына септігін тигізері де сөзсіз. М.МҰНАР, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, А.ЖҰМАҒҰЛОВА, мемлекеттік тіл кафедрасының доценті

17660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы