• Ақпарат
  • 11 Қыркүйек, 2014

Кеден құжаты қазақ тіліне көшті

Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік тілдің мәселесіне әрдайым көңіл бөлініп отырады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін департамент тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылады. Атап айтқанда, Тіл туралы Заң талаптарын қалтқысыз орындау, құжаттар айналымының мемлекеттік тілдегі үлесін арттыру департаментте жүйелі жолға қойылған.

Мәселен, 2014 жылдың ағымдағы қорытынды­ларын қарайтын болсақ, мемлекеттік тіл­дегі құжат айналымының үлесі 98 пайыз­ға жетті. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу, қазақ тіліне аудару сынды жұмыстарды атқару қызметшілерге жүктелген. Олардың сапасын тексеріп, әдістемелік көмектер көрсетіп отыру міндетін сарапшы маман жүзеге асырады. Мекеме қызметкерлері қазақ тілін білу деңгейін дамытып, шыңдап отыру үшін тіл үйрету курстарына қатысып, біліктіліктерін жоғарылатып отырады. Бұл үшін мемлекет тарапынан арнайы қаражат бөлініп, қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекетттік тілді тек қана құжат ай­налымында ғана емес, қызмет бабында қолдануға да көңіл бөлінеді. Департамент қызметшілері қазақ тілінің тұғырын биіктету үшін өздері атсалысып, ықылас танытып отырады. Бірнеше жылдардан бері қалыптасқан жақсы дәстүрлердің бірі ол мерекелік шаралардың да мемлекеттік тілде өтуі. Бұл дәстүрімізді алдағы уақытта да жалғастырып, дамыта беретін боламыз. Кеден саласында кәсіби және қыз­меттік терминдерді қазақ тіліне сапалы аудару, қазақ тіліндегі терминдердің жүйесін қалыптастыру, оларды бірізге түсіру мәселесі өзекті. Осы мақсатта мекемемізде терминологиялық комис­сия құрылған. Комиссия көптеген тер­миндерді саралап, кейбір терминдерге қатысты балама нұсқалар тауып, аударуда қиындық тудыратын терминдерді талқыға сала отырып Кеден комитетіне жолдайды. Терминология комиссиясы өз жұмысын жыл бойы атқарады. Себебі Кедендік салада уақыт ағымына байланысты жаңа терминдер, сөз нұсқалары пайда болып, оларды қазақ тілінің заңдылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік тілге сапалы аудару – өте ма­ңызды мәселе екені сөзсіз. Сондықтан терминдерге ерекше көңіл бөліп, жүйелеп отыруымыз қажет. Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілді білу мемлекеттік қызметшінің патриоттық мақсаты болуы тиіс. Елге, жерге деген сүйіспеншілік, Отанға деген құрмет мем­лекеттік тіл арқылы қалыптасады. Қазақ­станның әлемдік қауымдастықта өз орнын айқындап, дамыған отыз елдің қатарына жету үшін мемлекеттік тілдің тұғыры биік болып, барша қазақстандықтар қазақ тілін жетік білуге ықылас танытса, тіліміздің мәртебесі биіктей бермек.

А.КИНЖИКОВА, Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің тіл жөніндегі бас маманы

3531 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7477

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6334

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4083

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3467

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3427

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3394

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3124

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3112

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы