• Әдебиет
  • 19 Ақпан, 2015

Жетістіктер жалғасын табады

«Теңізшевройл» ЖШС-ның Бас директоры Тим Миллер 2014 жылдық қорытындыларына байланысты республикалық БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Басқосу барысында аңғарылғандай, компания өткен жылы көздеген межеден шыға білген. ТШО жоспарлық көрсеткіштен аса отырып, 267 млн. тонна мұнай өндірді. Күкірт көлемі 3,8 млн. тоннаны құрап отыр. Газды кәдеге жаратуда да оң істер бар. Мұндағы үлес 99 пайыз деңгейінде. Қол жеткен жетістіктер біліктілігі жоғары, өз ісінің шын мәніндегі шеберлері арқасында ке­ліп отыр. Бір назар аударарлығы, компанияда жұ­мыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50 пайыздық көрсеткішпен са­лыс­тыр­ғанда бұл күнде 85 пайызға жеткен. Сонымен бірге жергілікті ұлттық басшылардың, орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамының 75 пайызын құрайды. ТШО-ның елімізге төленген төлемдер көлемі 14,7 миллиард АҚШ доллары болды. 2000 жылдан бері қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3 миллиард АҚШ доллары бөлінді. 1993 жылдан бастап өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 995 миллион доллардан астам қаржы жұмсалды. Үстіміздегі жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті 25 миллион долларды құрайды. Аталған қаржының негізгі бөлігі Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы балабақшалар мен мектептер құрылысына жұмсалмақ. Атырау облысының денсаулық сақтау, білім және оқыту салаларының сапасын жақсарту мақсатында да қажетті қаржы бөлініп отыр. Компания басшысы журналистер қойған көптеген сұрақтарға толымды жауап берді.

Нұркен Жандәулетұлы

3118 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы