• Білім және ғылым
  • 02 Шілде, 2015

Ғалымның мерейтойы

ҚР Мемлекеттік Орталық му­зейінде белгілі ғалым тұлғалары­мыз­дың бірі, филология ғылымының докторы, профессор Нұргелді Ма­қа­жанұлы Уәлидің 70 жасқа толуына орай шығармашылық кеш болып өтті. Кеште музей директоры Н.Әлім­бай сөз алып, ғалым жайында өзінің жылы лебізін білдірді. Соны­мен бірге А.Байтұрсынов атын­дағы Тіл білімі ғылымы институты дирек­торының орынбасары А.Фазылжанова, С.Демирел атындағы универси­теттің тіл, коммуникация және мәдениет орталығының жетек­шісі З.Ахметжанова ғалымның қазақ ұлттық этнографиясына қосқан үле­сіне ерекше тоқталып, тілектерін айтты. Н.Уәлидің ғылыми еңбектері қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проб­лемаларына және қазақ фра­зео­логиясының өзекті мәселе­ле­ріне арналған. Олардың негізгілері: «Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ орфогра­фиясындағы қиындықтар» (1988); «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (1993); «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007); «Фразеология және тілдік норма» (1997); «Емлесі қиын сөздер» (2001, авторлар бірлестігі); «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, 2007, авторлар бірлестігі); «Қазақ тілі орфоэпиялық сөздігі» (2005, 2007 жж.) және т.б. Ол музейде «Мәдени мұра» Ұлттық бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия» (I-II-III томдары. Ғылыми редакторы Н.Әлімбай) атты іргелі еңбектің негізгі авторларының бірі және редакция алқасының мүшесі. Н.АМАНТАЕВА

3802 рет

көрсетілді

37

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9399

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7447

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5192

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4571

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4536

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4494

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4231

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4223

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы