• Әдебиет
  • 16 Наурыз, 2016

«Орамды ойдың жемісі»

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, журналист Мағира Қожахметованың 70 жылдық мерейтойына орай «Орамды ойдың жемісі» атты элек­трондық кітаптың тұсаукесер жиыны өтті.

Электрондық басылымның тұсаукесерінде жазушының әріптесі Райхан Хайрушқызы және психология ғылымының докторы Асия Хайрушқызы ізгі лебіздерін білдірді. Жазушы, жыршы-жырау Жұмабай Есекейұлы әуелетіп ән шырқады. «Адам – құпия», «Әлем – әуен», «Жантәсілім» романдары мен «Жападан жалғыз», «Күннің алтын сынығы» сияқты тамаша кітаптар ұсынған Мағира Қожахметованың қаламгерлік шеберлігі, елге сіңірген еңбегі жайлы айтылып, «Қаламгердің сырлы әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

С.ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

2290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы