• Әдебиет
  • 13 Қазан, 2016

«Жеті атасын білмеген...»

«Жеті атасын білмеген жетесіз» деп дана халқымыз айтып кеткен ғой. Кейінгі уақытта жеті атасын жастар біле ме, білмей ме оған көп көңіл бөлінбей жүр. Туыстық қатынастар туралы кейбір сөздеріміз ұмытылып барады. Керек десеңіз, көптеген білім ордасында жүрген кейбір ұстаздарымыздың өздері «көгеншар», «дегеншар» деген аталмыш туыстық атаулардан бейхабар. Мұның мәнін жете түсінуіміз қажет. Айталық, жеті ата – ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Ал енді «жиен» деген бар. Жиен – әулеттегі қыз баладан тараған балалар. Әулеттегі ұл балаларға жиен болады. Сонымен «жиен», одан «жиеншар», одан «көгеншар», одан «дегеншар», одан «жүрежат», одан туған балалар «туажат» деп аталады. Келесі, әулеттегі қыз балалардың балалары бір-біріне «бөле» болады. Бөлелерден туған балалар бір-біріне «бөлешар» болады. Алайда, қазіргі жастардың арасында жеті атасын білмек түгілі, өз тілін біліп жарытпағандар қаншама. Бірнеше тіл білу әрине, байлық. Дегенмен, өз тіліңді білмеу қорлық екенін ұмытпаған жөн. Әйтсе де, егер ол қазақ болса, жеті атасын міндетті түрде білуі тиіс. Кейбір жастарымыздан «Жеті атаңды білесің бе?» деп сұрағанда «оны қайтпекпін, білгенде не табам, жоқ, білгім келмейді» деп жауап бергенде, Абай атамыз сияқты: Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен, – деп айтқымыз келеді.

Айкерім БИМЫРЗАЕВА Астана

7121 рет

көрсетілді

6

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы