• Әдебиет
  • 03 Қараша, 2016

«Алтын таңға» сұраныс көп

Бүгінгі таңда мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржылық қолдауға ие болып отырған кәсіп иелері жұмыс ауқымын кеңейтумен қатар іскерліктерін арттыра түсуде. Соның бірі Алматы облысы Панфилов ауылындағы «АКНИ» ЖШС өндіріп отырған отандық сүт өнімі – «Алтын таңға» деген сұраныс артып келеді.

2009 жылы құрылған серіктестіктің алға қойған жоспары сапалы сүт өнімін өндіру болатын. Кәсіп иелері нарықтық қатынастағы тауар айналымын зерттеп, зерделей келе таңдайға татымды «Алтын таң» деген сауда маркалы қышқыл сүтті сусын өндіруге білек сыбана кіріскен екен. Алғашқы жылдары аталған өнімді өндіруге қажет заманауи құрылғылар алып, үлкен іске дайындалған зауытта өткен жылдан бері қалыпты жұмыс ырға­ғы қалыптасқан. Бүгінде ел Үкіметінің отандық өнімнің беделін арттыру үшін «Қазақстан­да жасалған» деген атауға ие арнайы акция ұйым­дастырып, оған кең қолдау көрсетіп отыр­ғаны белгілі. Бұл орайда тұтынушылар сенімін нығайта оты­рып, жоғары сұранысқа ие болып отырған сүт өні­мінің бірі жоғарыда аталған «Алтын таң» дер едік. «АКНИ» ЖШС-нің бас директоры Руслан ­Устемиров серіктестік өндіріп отырған қышқыл сүтті сусынның адам ағзасына, соның ішінде ас қорыту жұмысын жақсартуға тигізер пайдасы өте зор екенін айтты. Табиғи әрі экологиялық таза сүттен жасалатын сусынның құрамы биологиялық құндылыққа бай. «Сусынды тағам түрінде де қолдануға болатындығына көз жеткізген тұтынушылардың қатары көбейіп, уақыт озған сайын сұраныс артып келеді» деді кәсіпкер. Ол «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Эксимбанк Қазақстан» банкінен жеңілдетілген несие алып, зауыт көлемін ұлғайтып, қуаттылығын арттыруға күш салатындықтарын тілге тиек етті. – Тәулігіне қабылданатын табиғи сүттен 3 мың тонна сусын өндіріліп, Алматы қаласының ірі сауда орындары мен Талғар ауданының дүкендеріне таратылады. Сақталу мерзімі 3 айға дейін жарамды. Қазірдің өзінде облыс шеңберінен шығып, Батыс пен Шығыс Қазақстан облыстарынан тапсырыс түсіп, отандық өнімнің осы өңірлерге жөнелтіліп отырғаны қуантады. Келешекте сүт зауытының қуаттылығын арттырып, экспорттық әлеуетін көтеруді жоспарлап отырмыз, – дейді серіктестіктің сауда бөлімінің басшысы Шухрат Даутов. ЖШС бүгінде «АКНИ-мен» бірлесе еңбек етіп отырған «Үш Нұр Бұлақ» газдалмаған жоғары санатты таза табиғи минералды су өндірумен айналысуда. «Бұлақ» атты атауға ие 5 литрлік пластикалық ыдысқа құйылған мөлдір де табиғи таза судың отандық өнім қатарын толықтырып қана қоймай, өтімділік танытуы кәсіпорын жұмысының жандана түсуіне айрықша ықпал етуде.

Ұлбосын ИСАБЕК Талғар ауданы Панфилов ауылы

1159 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы