• Әдебиет
  • 01 Желтоқсан, 2016

Бедерлі белестер

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық ­мерейтойына орай ұйымдастырылған ағайынды Жұбановтардың мемо­риалдық музейінде «Тәуелсіздік белестері» атты кеш өтті. Аталмыш шараға қаламыз бойынша бір мекемеде еңбек етіп келе жатқан 25 жыл өтілі бар әр саланың қызметкерлері , 25 жыл отасқан отбасылар, тәуелсіздік құрдастары мен түлектері қатысты. Аталған шара барысында елге еңбек ету, мемлекеттің дамуына үлес қосу тәрізді мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді. Шараға арнайы шақырылған қонақтардың атынан музейіміздің жанашыры, Жұбановтардың туысы, ұстаз, зейнеткер Д.Қабайқызы сөз сөйлеп, әкесі Қабай Бекниязовтың 1968 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялаған Қ.Жұбанов туралы мақаласын сыйға тартты. Қалалық кітапханада басшылық қызметін атқарған, бүгінде зейнеткер Дина Әбенқызы музей қорына жүз жыл сақталған шәліні тарту етті.

Б.Рысберген

Ақтөбе облысы

976 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы