• Әдебиет
  • 22 Желтоқсан, 2016

БАҚ басшылары Атырауда бас қосты

Қазақстан Журналистеродағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Атырауда республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына арналған баспасөз туры өтті.

Осыған орайАстана мен Алматы қаласынан келген қонақтар алдымен қазақтың көрнекті ақындары, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова мен Мемлекеттік Әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ұлтымыздың талантты да біртуар тұлғаларының рухына тағзым етті. БАҚ басшыларыҒ.Сланов атын­дағы облыстық ғылыми-әмбе­бап кітап­ханада баспасөз турының бағдарла­масына енгізілген шаралардың бірі Халық ҚаһарманыХиуаз Доспановаға арналған «Хиуаз» атты кітап­тың тұсаукесер рәсіміне қатысты.Салтанатты шарада Атырау облысының Құрметті азаматтары Айдын Айбаров пен Мәдина Ғабдысәлімова сөз сөйлеп, тұсау кесу рәсімін жасады. Басқосуды танымал қоғам қайраткері Ирак Елекеев жүргізіп, ұйымдастырушылар атынан алғашқы сөз кезегін Қазақстан Журналистер Одағы облыстық ұйымының жетекшісі Қуандық Батыров алды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев республикалық БАҚ өкілдерінің баспасөз турының жұмысына сәттілік тіледі. Аталған басқосуда зиялы қауым жаңа кітап төңірегінде пікір алмасты. Атырау облысы әкімдігінің, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының қолдауымен биылғы жылы жарық көрген бұл еңбектің құрастырушысы, республикалық «Айқын» апталық газетінің аймақтағы мен­шікті тілшісі Тұрсын Қалимова кітаптың мазмұны жайында баяндады. Сапар барысында БАҚ басшылары сондай-ақ, өңіріміздің өндіріс алаңдарына шығып, «Карат» ЖШС, «Дәулет» индус­триалдық аймағында, «Атырау­АгроФеликс» және «Кас­пийЛанаАтырау» ЖШС-терінде болып, кейінгі жылдары іске қосылған кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Басқосудың екінші күні бұқаралық ақпарат құралдары саласының басшылары, жетекші мамандары, танымал журна­листердің Атырауға сапары аясында «Отандық БАҚ: кешеден – келешекке» тақы­­рыбында бас редакторлар диалогы ұйым­­­дастырылды. Онда Отандық БАҚ-тың бе­делін көтеру және оның өткені мен бүгіні туралы келелі мәселелелер айтылды. Осы басқосудың екінші кезеңінде Ерлан Садықов пен Әбілсейіт Мұхтардың «XVII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы» атты кітабының тұсаукесер-таныстырылымы өткізілді. Сиясы кеппеген жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімінде лентаны қию салтанаты Әбілсейіт Мұхтардың ұстазы Қаламқас Құмарова мен «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры Жұмабек Кенжалинге жолданып, «ел асыға күткен бұл тарихи еңбек қалың оқырманына жетіп, еліне қызмет етсін» деген тілектер айтылды. (Бұл басқосу туралы жазылған кеңейтілген мақаланы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Дәулетқали АРУЕВ

1358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы